✅2024 жылдың 26-27 қыркүйек аралығында Жаңасемей ауданы Шүльбі кенті “Ұлан”патриоттық орталығында ұйымдастырылды.
Әскери-спорттық турнирге жалпы басшылықты Абай облысының білім басқармасы жүзеге асырды.
Облыстық әскери-спорттық турнирге «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚҚ, «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернаты» КММ, Шүльбі кентінің әкімшілігі, Ә.Бөкейхан университетінің әскери-кафедрасы өткізді.
🔶Турнирдің ашылуы мен жабылу кезеңінде Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Оспанова Светлана Сагидоллаевна, Шүлбі кентінің әкімі Қалиева Арай Сейсенбекқызы, Шүльбі кентінің құрметті азаматы Аккалаков Бекенбай Жаппарович, Абай облысының Қарулы Күштер ардагері Сүлейменов Ержан Аманжолұлы, Ауған соғысы және Қарулы күштер ардагері «А.Бөкейхан университеті» әскери кафедрасының бастығының орынбасары Манасов Айдар Тортайұлы, Шүльбі кентінің бас маманы Антюра Кактай Сейсенбаевич, Ауған соғысы ардагерлері Ахметов Манарбек, Әбділманов Талғат Асқынұлы құрметті қонақтардың қатысуымен турнирдің салтанатты ашылуы мен жабылуы кезеңінде турнир қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
🔷ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, “Халық Қаһарманы” С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық турнирінің қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әннің сахналанған «Ерлікке жүрегіңмен жақында» сайыс-байқауы:
🥇орын – Ақсуат ауданының командасы;
🥈орын – Көкпекті ауданының командасы;
🥉орын – Мақаншы ауданының командасы.
@abai_bilim_basqarmasy
@zhanasemey__akimdigi