Жаңасемей ауданының әкімі Руслан Базарбаев Шүлбі кентінде көшпелі кеңес өткізді.
Оның барысында аудан басшысы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Атап айтқанда, 80 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының барысын егжей-тегжейлі қарап, тұрғын үйдің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысшыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, аудан әкімі жергілікті тұрғындар мен мамандармен бірге жаңа мәдениет орталығын салу үшін әкімшілік ғимараттың жанынан қолайлы орынды анықтады.
Жоба талқылауы барысында болашақ нысанның негізгі сәулет және функционалдық сипаттамалары, сондай-ақ оны іске асыру мерзімдері айқындалды.