Домбырашылар челленджі

Жарияланған күні: 17 наурыз 2023
Домбырашылар челленджі

Наурыз- бұл бес мың жылдан астам уақыт бойы атап өтілетін көктемнің, табиғаттың жаңаруының, жаңа жылдың жаңа өмірдің басталуының халықаралық мерекесі. Қасиетті Наурыз- амандық, бірлік, мейірімділік пен өзара сыйластық мерекесі. Наурызды мерекелеу аясында мектеп оқушылары арасында домбырашылар челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты- білім алушылардың рухани- адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау. Аудан бойынша білім беру мекемелері және қосымша білім беру мекемелерінде білім алатын оқушылар 17 Наурыз күні сағат 11:30-да Құрманғазының "Балбырауын" күйін бір уақытта орындады. Домбырашылар челленджіне 30 мұғалім, 15 ата-ана, 170 оқушы қатысты.