Ықпал ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • «Абай облысы Мақаншы ауданы Бекет ауылының дамыту және салу схемалары (халық саны аз елді мекеннің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)» жобасына ықпал ету скринингі;
  • «Абай облысы Мақаншы ауданы Бекет ауылының дамыту және салу схемалары (халық саны аз елді мекеннің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «ИртышЗем» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Абай облысы Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Нурбаева А.Ж.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруі үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) мына мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

 

  • Жобаларды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін бе, егер солай болса, онда ол қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді және не себепті зерттеу қажет?
  • Сіз СЭБ өткізуді қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат және не себепті қызықтырады?
  • Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2046 жыл

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау жөніндегі рәсімді өткізу мерзімі: 2024 жылғы 17 желтоқсан 31 желтоқсанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 31 желтоқсан)

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экология саясаты департаменті

Тел. 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz  

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жіберуге болады:

- электронды түрде Экология министрлігі кеңсесінің эл.мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжаттарыңызды Кеңседе алынғанын міндетті түрде мына телефон арқылы нақтылау қажет +7 7172 74-08-44);

- e-mail-ға: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

- «WhatsApp» нөміріне 8 701-847-2853 

 

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтына.