Құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов Мақаншы ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс барысын тексерді.
Құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов Мақаншы ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс барысын тексерді.
🏥Нысанда күндізгі стационар, зертхана және әйелдерге денсаулығы бөлімшесі қарастырылған. Бұған дейін ауданда мұндай медициналық мекеме болмағандықтан, тұрғындар, әсіресе әйелдер, қажетті көмек алу үшін көрші ауданның орталығына баруға мәжбүр еді.
Жаңа үш қабатты ғимаратта терапевт, стоматолог, хирург, гинеколог кабинеттері, сондай-ақ УДЗ және зертханалық диагностика кабинеттері болады. Сонымен қатар, ем-шара бөлмесі, тіркеу орны, күту аймақтары және басқа да қажетті кабинеттер қарастырылған.
Амбулатория бір күнде 100 науқасқа дейін қабылдай алады, ал күндізгі стационар 15 орынға есептелген.
Нысанды жыл соңына дейін халық игілігіне тапсыру жоспарланған.
Бұл жоба Мақаншы ауылы мен жақын маңдағы елді мекен тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
