Меню

Страницы

Статья

Жаңа басылым - «Мақаншы айнасы» жарық көрді

        Бүгінгі өмірімізде Тәуелсіздігімізді тұғырландыру, егемендігіміздің еңсесін көтеру, мемлеккет басшысы бастаған биіктерге қол жеткізу жолында жергілікті ақпарат құралдарына артылған сенім жүгі ауқымды. Өңір  жаңалықтарының жарқын хабаршысы ретінде, қоғамдық ахуалды айқындап, көпұлтты халқымызды жан-жақты қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосатын жергілікті  қоғамдық-саяси басылымдардың қатарына 2024 жылдың шілде айының басында оқырманға жол тартқан «Мақаншы айнасы» газеті де келіп қосылды. 

    Мақаншы ауданы құрылған 1928 жылдан бастап ауданда газет орнына сол кездегі партия ұйымы дайындап шығаратын «Жауынгерлік үн парақтары», «Шаруалар үні» атты жедел парақтар жарияланып, «Қызыл отаулар» арқылы шағын санмен таратылған. Ал алғаш 1935 жылы ашылған Мақаншыдағы газеттің атауы «Сталин жолы» болып жарыққа шықты. 1952 жылдан бастап аудандық газеттің аты «Красная звезда» - «Қызыл жұлдыз» болып өзгерді. 1969 жылы Мақаншы Үржар ауданынан қайта бөлініп шығып, шаңырақ көтерген кезде аудандық газет атауы «Ленин туы»-«Ленинское знамя» деп аталып,    Егемендік қолға тиіп, жаңа дәуірдің желі ескен 1991 жылдан бастап Мақаншы ауданының  газеті «Ақжол» болып өзгерді.

     27 жылдан кейін қайта түлеп, аудан мәртебесін алған Мақаншы ауданының тыныс тіршілігінен сыр шертетін жаңа «Мақаншы айнасы» газетінің алғашқы саны 2024 жылдың 6 шілдесінен бастап жарыққа шықты.

    Газет аптасына 1 рет сенбі күндері қазақ тілінде, түрлі-түсті, көлемі 8 бет  болып шығады. Оның бетінде аудан халқы үшін қажетті ақпараттардан басқа, танымдық, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ауданымыздың тарихы мен бүгініне арқау болатын ілкімді материалдар жарық көріп келеді. Бүгінгі таңға газеттің 17 саны жарық көрді. Аудан бойынша таралымы 2379 дана. Жылдық бағасы 6000 ( алты мың ) теңге. Жарты жылға 3000 теңге.  Газет индексі 19019.

      «Мақаншы айнасы» газетінің жарыққа шыққан алғашқы санының тұсауын кесу құрметі еңбек ардагері, қарт оқырман Т.Б.Жирентаев пен Мақаншы аудандық газетінің ардагері, қарт журналист  М.И.Саябаевқа берілді.  

    «Газет - сауаттылық пен эстетиканың жаршысы. Тіл ұстанымы, адамға тәрбие беруші құрал. Олай болса алдағы уақыттарда ауданымыздың «Мақаншы айнасы» газеті де өзі тарайтын өңір ішінде әлемде қалыптасқан үрдістердің үлгісімен таралып, оқырман жүрегінен жылы орын табады.

 

               Ә.Т. Разуев  - «Мақаншы айнасы» газеті редакторының орынбасары

 

Дата публикации
18 октября 2024
Дата обновления
18 октября 2024
Тип
Газеты/Журналы

Сейчас читают

25 сентября 2026
О внесении изменений в решение маслихата района Мақаншы «О бюджете района Мақаншы на 2026-2028 годы» от 18 декабря 2025 года № 30-213/VIII
Информация
19 августа 2026
Полезная информация
08 июля 2026
Противодействие коррупции.

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы