Мемлекет басшысының 2023 жылдың 28 желтоқсан күнгі № 424 Жарлығымен қайта құрылған Мақаншы ауданының 2024 жылдың 8 айдың қорытындысына сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша ақпарат беруге рұқсат етіңіздер!
Мақаншы ауданы облыс көлеміндегі ауылшаруашылық бағытындағы ірі аудандардың бірі. 11 ауылдық округтің 18 елді мекенінде 26 мың 410 мың тұрғыны бар. Барлық жер көлемі – 1 млн. 137 мың 466 гектарды құрайды.
02 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.
Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің осы жылғы жолдауы халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген жолдау деп айтуға болады.
Мемлекет басшысының экономика, саясат пен идеология саласын қатар реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары үздіксіз іске асуда.
Ауыл шаруашылығы.
Аудан экономикасының негізгі саласы ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы болып табылады.
Ағымдағы жылдың 7 айдың қортындысы бойынша ауылшаруашылық тауарының жалпы өнімі 10 млрд. 554 млн.теңге құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 101,4%.
3 мың 659,7 тонна ет өнімі өндірілді немесе өткен жылмен салыстырғанды өсімі 108,3%.
Сауылған сүт көлемі 11 мың 517,2 тонна, өсімі 98,6%.
Тауық жұмыртқасы 3 млн. 418 мың дананы, өсімі 100,5% .
Аудан бойынша ірі қара мал саны 76 мың 247 бас, өсуі 159,4%, оның ішінде: аналық бас 34 мың 197 бас,өсуі 154,9%
Жылқы 23 мың 040 бас, өсу қарқыны 90,5%
Қой 135 мың 801 бас, өсуі 125,2%
ешкі 22 мың 937 бас, өсуі 161,1%
Құс 45 мың 352 бас,100% құрады.
Егілген егістік көлемі 46 мың 912,3 га құрайды, оның ішінде
Дәнді дақылдар 26 мың 263,0 га
Майлы дакылдар 19 мың 867,0 га
Бакша өнімдері 26,0 га
Көкөністер мен бақша тұқымдары 756,3 гектар.
Ауданда 8 шаруа қожалық асыл тұқымды мал өсірумен айналасады, соның ішінде 5 шаруа қожалық (Бәкей, Сұңқар, Ұлы дала, Кәкен, Мәуліт- Хайыр) ірі қара мал, 3 шаруа қожалық (Еркін, Шынар, Мұхаметбек) қой шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығы техникасы, өзге де құралдар, бойынша – 335 млн .теңгеге ауданымызға жаңадан лизинке
1 комбайн «Acros 550kz», 6- трактор, 3-шөп жинайтын пресс,1 дана 5 корпусты соқа, 1-сеялка, құралдары сатып алынды.
Бірнеше жылдар бойы шаруа қожалықтардың басты проблемасы – малды сумен қамтамасыз ету болып табылатын. Осы проблеманы шешу мақсатында ағымдағы жылы Аягөз ауданынан жеке кәсіпкер Нұр жерді бұрғылауға арналған арнайы техникамен келіп, 18 шаруа қожалықтарында құдық қазылып берді.
Ауданда «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінде тұрған Құрабұта өзенінде «Ақтоған», «Татарский», «Белбастау» (ұзындығы 40 шақырым), Көктерек өзеніндегі «Бургон», «Жамбы» (ұзындығы 11,5 шақырым), Келдімұрат өзеніндегі «Ақтоған» (ұзындығы 38 шақырым), Қатынсу өзеніндегі «Көктал» (ұзындығы 25 шақырым) каналдарында су тарту тораптары бар. Ағымдағы жылы Көктерек өзеніндегі су тарту торабымен Бургон», «Жамбы» магистралды каналын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалы сметалық құжаттама әзірлеуге 66,8 млн.теңге, Құрабұта өзенінде су тарту торабымен «Ақтоған», «Татарский», «Белбастау» магистралды каналын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалы сметалық құжаттама әзірлеуге 72,6 млн.теңге бөлінді.
Кәсіпкерлік.
Аудан көлемінде тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандардың саны- 2337 бірлік. Соның ішінде 119 сауда дүкені; 6 сауда үйі; 35 қоғамдық тамақтану орны; 13 дәріхана; 4 наубайхана; 4 көлік жуу орталығы; 5 жанар-жағар май станциясы; 17 шаштараз; 6 монша бар.
«Бірыңғай кешенді жоспар» бағдарламасы аясында «Даму қоры» акционерлік қоғам арқылы туризмді дамыту мақсатында 5 жоба (ECO HOME ALAKOL HASSAR демалыс үйі- 2 жоба, НұрДин демалыс үйі, Даниял демалыс үйі, Айгерім демалыс үйі) 375 млн.теңгеге субсидияландырылды.
Инвестиция және құрылыс.
Ағымдағы жылдың 7 айының қортындысы бойынша 5 млрд. 530 млн.ға инвестиция орындалды.
178,9 млн.теңгеге 10 ауылдық мекеннің көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына жасалуда.
Әлеуметтік осал топтағы жанұяларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында құны 850 млн. тенгені жалпы ауданы 4250 шаршы метрді құрайтын 50 пәтер құрылысы жүргізіліп жатыр.
5 елді мекенде 122,5 млн.теңгеге мал қорымдарының құрылысы жүргізілуде.
Халықты таза сумен қамту мақсатында 2 елді мекенде 1 млрд 983,3 млн.теңге құрайтын Бекет, Қабанбай ауылдарында су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде, қолданысқа беру мерзімі 2025 жылдың қараша айы.
Инфрақұрылымды дамыту.
Мақаншы ауданы бойынша 467 шақырым, соның ішінде республикалық 67, облыстық 204, жергілікті маңызы бар 196, ауыл ішілік 254 шақырым автомобиль жолдары бар.
Есепті жылы Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында 2 елді мекенге 11,3 шақырым Мақаншы ауылында 4 көшеге, 7 шақырым (Жамбыл-2,4 км, Найманбай-0,6 км, Талмурзина-1,4 км, Татиева-2,6 км), Қабанбай ауылында 2 көшеге 4,3 шақырым (Мырзабекұлы-2,2 км, Момышұлы-2,1 км. орташа жөндеу жұмыстары жасалуда.
Білім саласы. Ауданда 18 мектеп бар, онда 748 мұғалім қызмет атқарады.
1-11 сыныпта 4707 оқушы, мектепалды даярлық тобында 449 бала білім алуда.
12 балабақшада 535 бала, мектептегі шағын орталықтарда 395 бала тәрбиеленуде.
Білім беру мекемелері толық бейнебақылау камераларымен қамтылған, камера саны 530.
Интернет желісімен 18 мектеп толық қамтылған.
Ағымдағы жылы 5 мектепке (Қаратұма ОМ, Найманбай ОМ, Майлин ОМ, Қарабұлақ ОМ, Б.Жүнісов ОМ) 6 пән кабинеттеріне қаржы бөлініп, 4 кабинет жеткізілді.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мақсатында бюджеттен 228 млн 798 мың теңге қарастырылған, 3245 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан 2084 оқушы 91 млн 445 мың теңгеге тегін мектеп формасы қамтамасыз етілді.
Балабақша кезегінде 410 бала тіркелген.
Мақаншы ауылындағы құны 921,6 млн.теңге болатын 140 орындық бала бақшасының құрылысы биылғы жылы қазан айында аяқталады деп күтілуде.
Бүгінгі таңда, балабақша тапшылығы шешу мақсатында Қаратұма ауылындағы мектеп-бақшасының сиымдылығын санитарлық талаптарға сәйкес 40 баладан 50 балаға дейін кеңейту жұмыстары, сонымен қатар Мақаншы ауылындағы шекара басқармасының ескі балабақша ғимаратын аудандық білім бөлімінің теңгеріміне қойып, алдағы уақытта жекеменшік мемлекеттік серіктестік арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 2084 бала республикалық «Мектепке жол» акциясы қамтылды
Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер ұйымдастырған жәрмеңкелерде 4 млн 513 мыңға жуық қаражатқа 449 астам оқушыға оқу-құралдары сатып алынды. Аталған акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
Денсаулық сақтау саласы.
Аудан тұрғындарына 18 медициналық нысандар:
1 клиникалық-диагностикалық аурухана;
9 ауылдық дәрігерлік амбулатория;
1 фельдшерлік акушерлік пункттер;
6 медициналық пунктер қызмет көрсетеді.
Мақаншы ауданы бойынша 2024 жылдың туу көрсеткіші 9,5%, яғни 228 адам құрайды. Ана мен сәби өлімі тіркелген жоқ.
Мақаншы ауылындағы көп жылдар бойы шешімін таппай тұрған дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жалғау үшін 2 млрд 276 млн.теңге бөлініп ағымдағы жылы құрылыс жұмысы басталды, қолданысқа беру мерзімі 2025 жылдың 1 мамыр;
Бұл нысан жергілікті тұрғындарға медициналық қызметтерді жақын жерден алуға мүмкіндік береді, ауруларды алдын алу және емдеу процесін жеңілдетеді.
Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту Ұлттық жобасы аясында 8 елді мекенде (2 млрд. 164 млн.теңгеге дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы (инженерлі коммуникациялық инфрақұрылымдарымен) басталып кетті.
Аудан халықының денсаулығын егжей-тегжейлі ішкі кескіндерін көруге арналған компьютерлік томография құрылғысы аудандық ауруханаға 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі жоспарлануда.
Әлеуметтік қорғау.
Аудан бойынша 1405 көпбалалы аналар бар, соның ішінде: 269 «Алтын алқа» иегері, 42 «Батыр ана», 12 «Ана даңқы» иегері, 786 - 4 одан да көп балалы отбасылар бар.
Көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға және егде жастағы қарттарға әлеуметтік көмек көрсету аудан әкімдігінің ұдайы назарында.
28 әлеуметтік қызметкер 89 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге және 70 мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік стандартқа сай әлеуметтік қызмет көрсетеді.
65 отбасының 373 мүшесіне 11 млн 166 мың 447 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді;
Табыстары күнкөріс деңгейіне жетпейтін 71 отбасына 3млн 365 мың теңге материалдық көмек ретінде төленді.
Жүріп - тұруы қиын I топтағы 9 мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке көмекші қызметін көрсетуші 9 адамға 5 млн 792 мың 35 теңге жәрдемақы тағайындалды.Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында аудан көлеміндегі мүмкінділігі шектеулі 18 жасқа дейінгі балаларға 1- наурыз «Алғыс айту күні», 22- наурыз Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі қарсаңында қайрымдылық шаралары ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Алакөл көлінің жағалауында еңбек ардагерлері, соның ішінде әлеуметтік қызмет алушы жалғыз басты қарттар 3 күн тегін демалды.
Жағдайы төмен мұқтаж отбасылардан шыққан және мүмкінділігі шектеулі 700 балаға Алакөл көлі жағалауында тегін цирк қойылымы ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құрылып, конкурстық тәсілдер арқылы қызметкерлер толық жұмысқа қабылданғаннан кейін тиісті әлеуметтік көмектер аударылатын болады.
Мәдениет саласы.
Мақаншы ауданы бойынша 17 мәдени және шығармашылық мекемелер халыққа қызмет көрсетуде. Мекемелерде 72 жұмысшы жұмыс атқарады. Олардың 40 адамы шығармашылық топ, 33 адамы қарапайым жұмысшылар. Сонымен қатар, хореографиялық жанрдағы «ІНЖУ» би тобы 100- ге жуық қатысушылармен қамтылған. Мақаншы аудандық кітапханаға қарасты 5 кітапхана бар. Жалпы аудан бойынша кітапхананың қоры - 69 025 кітап және мерзімді басылымдарды құрайды.
Ағымдағы жылдың қазан айында мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқан «Дедімай-ау» әжелер ансамбілінің 25 жылдық мерейтойын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Абай елінің мәдени тарихында айшықты орыны бар "Інжу -Маржан" ән-би ансамбілін қайта жаңғыртып, "Тәуелсіздік күні" қарсаңында алғашқы мерекелік концерті ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда демеушілерді тарту арқылы аталған шараларға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Спорт.
Тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда барлық спорт түрлері кеңінен дамыған. Әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары жас ұрпаққа жол ашып өнеге көрсетіп жүрген ел-жұрт мақтаныштары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері: Шалқар Жоламанов, Сағдат Садықов, Думан Әлдиев, Қуаныш Салықбаев, Айбек Атажанов, Ерлан Сләмбаев, Еркебұлан Қосаев, Дархан Өрікбаев т.б. споршыларымыз бар.Қазіргі таңда ауданымызда жастарға арналған екі спорт кешені және 18 спорт залда, 32 жаттықтырушы 800 ден аса баланы әр-түрлі спорт түрлеріне дайындайды.
«Таза Қазақстан» Бүгінгі таңда бекітілген медиа жоспарға сәйкес 154 шара өткізілді, оған 41 техника жұмылдырылып, 15 774 адам қатысты. Жалпы акция аясында 414 тонна қоқыс шығарылды, соның ішінде Мақаншы ауылында әкімдік пен кәсіпкерлер бірігіп ауылдың сыртында орналасқан қоқыс төгу алаңында тазалау жұмыстары жасалды. 5 тиегіш, 20 жүк машинасы 2 күн жұмыс атқарды. Қоқыс жиналып, арасынан жол салынып, тас төгілді.
554 дана жас көшет отырғызылды, күзде қосымша 1000 көшет отырғызылады деп жоспарлануда.
«Таза Қазақстан-таза шекара», «Таза Мақаншы» шаралар туралы 1 230 ақпараттық материал республикалық, өңірілік, жергілікті БАҚ беттері мен интернет ресурстарында жарияланды.
Аудан көлемінде «Таза - Қазақстан» ресми логотипі белгіленген 21 баннер, 8 лозунг, 2 лед экранға ақпараттар ораналастырылды. Тұрғындар көп шоғырланған орындарда 4 аудиорубрикалар жарияланды.
Аталған бағыттағы жұмыстар медиа жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жалғасатын болады.
«Туған жерге тағзым»
Аудан тұрғындары «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 70 млн.теңгеден асатын сомаға елді мекендерде әртүрлі іс шаралар жасалды. Мысалы Мақаншы ауылында 20 жылдық түлектер көшеге ЛЭД экран орнатса, Найманбаев атындағы орта мектепке акт залына 4 кондиционер, Қайыңды аулынының түлектері қатымхана салып, Бақты ауылының түлектері ауылға кіре берісте Ту тұғырын орнатып, зиратқа баратын жолға тас төгіп жөндесе, Қабанбай ауылында көпбалалы отбасына үй алып берілді. Одан тыс мектептерге құрал жабдықтар, елді мекендердегі парктерге жөндеу жұмыстары, жарықтандыру және т.б. жұмыстар жасалды.
Туған жерге тағзым акциясының аясында Мақаншы ауылының тумасы Талдықорған қаласының Өтенай мәдениет үйінің директоры Тұрсынғали Алмас коллективі 80 адаммен Мақаншы ауылына халыққа тегін шоу концерт қойды.
Ауданда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жаңадан нысандар салынуда, атап өтсем: облыс әкімдігінің қаулысымен 2 жоба инвестициялық деп танылып жұмыстар жүргізілуде. Ол Бақты ауылында көпфункционалды көлікті - логистикалық терминал - «Бақты» трансшекаралық хабын салу, екіншісі Жалаңашкөл стансасында «Құрғақ порт» құрылысы.
Мақаншы ауылында «DiNur» жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жайтөбе май» деген май тарту заводының құрылысын бастап кетті. Жобаның құны 4,8 млрд.теңге, 100 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Бүгінгі күнге аудандағы шешілмей тұрған проблеманың бірі жанар- жағар майдың жетіспеуінің шешу мақсатында, ауданда Лукойл компаниясы жанар- жағар май құю стансасының құрылысын салу жоспарлануда. Мақаншы - Жалаңашкөл жолының бойында Qazaq Oil акционерлік қоғамының жанар- жағар май құю стансасы салынды, қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай- ақ Мақаншы ауылында 3 дүкен құрылысы жүргізіліп жатыр.
Осы жерде өзекті мәселелерді де атап өтуге руқсат етіңіз, 3 елді мекеннің қатынасын қамтамасыз етіп отырған Мақаншы-Көктерек-Қызыл бұлақ 35 шақырым жолға соңғы рет 2018 жылы ағымды жөндеу жұмыстары (ямочные) жүргізілген, жолдың жағдайы сын көтермейді, бүгінгі таңға орташа жөндеу жұмыстары керек (жобалы сметалық құжаттама дайындалу үстінде).
Сондай-ақ Мақаншы-Көктал 50 шақырым топырақты жол көктем, күз айларында батпақтан мүлде жүру мүмкіндігі болмай қалады, тұрғылықты халықтан өте көп сұраныс түсіп жатыр (жобалы сметалық құжаттама дайындалу үстінде).
Қаратұма ауылынан аудан орталығына келетін тура жол бүгінгі күні Келдімұрат ауылмен екі ауылды қосатын көпірдің авариялық жағдайда болуына байланысты жабық. Халық аудан орталығына Үржар ауданының 3 ауылын айналып жетеді. Каратұма-Келдімұрат 12 шақырым жолға жөндеу жұмыстары қажет етіледі (жол жергілікті маңызы бар жолдар есебіне кірді).
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Мақаншы ауылында орналасқан Жеңіс саябағына күүрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарымыз бар. Аталған саябақта Желтоқсан, Афганистан, Чернобыль қатысушыларына да ескерткіш қойсақ деген ойымыз бар.
Қадірменді жиынға қатысушылар!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарапынан берілген нақты тапсырмалар мен Сіздің алдымызға қойып отырған мақсат, міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта аудан жұртшылығы береке-бірлік танытып, өз үлестерін қосатындығына кәміл сенемін.
Сөз соңында шекаралық аумақта орналасқан ауданымызда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Тұрғындарына облыс, аудан жаңалықтарын және мемлекет саясатын насихаттау бойынша «Мақаншы айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газеті арқылы ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Қайта құрылған ауданымызды дамыту жолында, біз халықпен бірлесіп барлық салаларды жаңғыртып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартудағы жасампаз жұмысты бірлесіп жалғастырамыз.
Елімізде бейбітшілік болып, халқымыздың береке-бірлігі арта берсін! Назарларыңызға рахмет!