9 мамыр Жеңіс күні


Қазақстан халқы арасында республикадағы мемлекеттік мереке болып табылатын Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні кеңінен аталып өтіледі. Бұл күн Отанды, халықты зұлымдықтан қорғаудың көрінісі болып табылады.
Мереке қарсаңында және барлық ай бойы қайырымдылық акциялары, соғыс ардагерлеріне, соның ішінде ҰОС қатысушыларына, тыл майданының қызметкерлеріне, мүгедектерге және оларға теңестірілген басқа да санаттарға құрмет көрсету бойынша түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Барлық білім беру және мәдениет мекемелерінде фашизмнен азат болғандарды еске алуға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Іс-шаралар «дөңгелек үстелдер», еңбек майданының қатысушылары мен жауынгерлерімен кездесулер, семинарлар, ерлік сабақтары түрінде өткізіледі.
Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлеріне қаржылай көмек көрсетіледі, көлікте, медициналық мекемелерде жеңілдіктер және т. б. бар.
09 мамыр 2025
10 мамыр 2025
Құттықтау