«Жас сайлаушылар клубының» қатысушыларымен кездесу

«Жас сайлаушылар клубының» қатысушыларымен кездесу
Сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне өзге де қатысушыларды каскадты оқыту жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 31 наурызында Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының залында «Жас сайлаушылар клубының» қатысушыларымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында сайлаудың маңызы, оны өткізу тәртібі, сондай-ақ дауыс беру кезіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері талқыланды. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық-саяси өміріндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.