Көкжайық ауылдық округінің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Көкжайық ауылдық округінің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Көкжайық ауылдық округі аудан орталығынан 53 шақырым қашықтықта орналасқан. Округте 4 елді мекен бар: Қарағандыкөл, Көкжайық, Ақ-ой, Қарамойыл. Орталығы – Көкжайық ауылы. Халық саны 1435 адам құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді халық -618 адам.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы – кәсіп, бизнес саласы ғана емес, өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтудың кепілі. Округ тұрғындары мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысады. Ауыл шаруашылық мақсатында 44964 га құрады. Оның ішінде :егістік 21586 га, шабындық 4011 га, жайылым 17179 га,басқа жерлер-2188 га. Округ бойынша 25 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
Ауылдық округінде 3 ірі шаруа қожалықтары тіркелген:
«Елімай» ш/қ - 42 адам , «Талап» ш/қ -70 адам, «Рустам» ш/қ -37 адам жұмыс істейді.
Мал басының саны
Халықтың жеке аулаларында және шаруа қожалықтарында мүйізді ірі қара – 9465 бас, ұсақ мал – 8686 бас, жылқы- 3236 бас, тіркелген. Жазғы уақытта 4 табын ірі-қара, 2 табын ұсақ малдардың жайылымы ұйымдастырылды.
Асыл тұқымды мал басының саны:
«Елім-ай» шаруа қожалығында – 3254 бас
«Талап» ш/қ – 851 бас
«Рустам» ш/қ – 449 бас тіркелген.
Орта және шағын бизнес
Округ бойынша 13 сауда дүкендері жұмыс істейді.
Білім беру
Округте орта білім беру мекемелері – 2, бастауыш білім беру мекеме-1.
Көкжайық орта мектебінде 151 бала, А.С.Пушкин орта мектебінде 59 бала оқиды және Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебінде 14 бала білім алып жатыр. Мектепке дейінгі балаларды білім шыңына жетелеу үшін округімізде 1 балабақша,1 шағын орталық жұмыс істейді. Екі орта мектептерде аз қамтылған отбасылар анықталып, кәсіпкерлердің көмегімегімен оқу жабдықтармен және киім кешектермен қамтылады. Мектепте биология, химия пәндереріне арналған электронды тақта және 5 интерактивті тақта бар.
Медицина
Көкжайық ауылында дәрігерлік амбулатория және Ақ-ой мен Қарағандыкөл ауылдарында фельдшерлік көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. Медбикелер өз жұмыстарына ұқыпты қарап, ақпаратты-түсіндіру жұмыстарын қолға алған. Салауатты өмір салтын сақтауда, скринингтік тексеруде уақытымен халықты тексерістен өткізіп тұрады.
Халықты қорғау және қамтамасыз ету
Жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек Көкжайық ауылдық округі бойынша 5 отбасына тағайындалды.
Инвестиция
Округ бойынша 2024 жылғы инвестиция көлемі 102 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде «Елімай» шаруа қожалығы 80 млн. теңгеге ауылшаруашылық техника алды, «Асанали» ш/қ (Казакпаев М) 11 млн..тенге тиегіш трактор , «Амангелды» . ш/қ 11 млн. «Беларусь» трактор алды
Ветиринария
Биылғы жылы жоспар бойынша 15400 бас Ірі қара малдан бруцеллез ауруын анықтау үшін қан алынды. 48 бас «он» нәтиже берді,14 бас күдікті болып шықты. 8382 ұсақ миүзді малдан қан алынды№мал таза шықты. Қаңғыбас иттермен жұмыс жүргізіп жатрмыз.Жылдың басынан 62 иттың ұландыру тәсілімен көзі жойылды.
Спорт
Көкжайық ауылдық округінің спорттық жетістіктерге келетін болсақ Көкжайық және Ақ—ой ауылдарының спортзалдарында кестеге сәйкес қазақша күрестен ,еркін күрестен және волейболдан жаттықтырулар өткізіледі.Көкжайық ауылдық спортшвлар Көкпекті аудан әкімінің кубогына арналған спартакиадада бас жүлдені алды.
Кірістер
Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес бүгінгі күні барлық жұмыстар халықтан түскен салыққа сүйеніп тұр. Мысалы абаттандыру, жарықтандыру, когалдандыру, тазалық жұмыстары ауылдық округтің дербес шотына түскен салық мөлшеріне қарай атқарылады. Салықтың басым бөлігі көлік салығынан түседі. Биылғы жылы 10 айда:
Жеке табыс салығы – 1 млн 092мың700 тенге.
Мүлік салығы – 252 мың7 00 тенге
Жер салығы – 61мың 900 теңге.
Жерді пайдалану салығы – 1 млн 447 мың 900 т.
Жеке тұлғалардың көлік салығы – 5млн. 156 мың теңге.
Бірыңғай жер салығы-5 млн.504мың 200 т
Барлығы – 13 млн.515 мың 400 теңге
2013 жылы салық түсімі 7 млн 500 мың теңге болса ,биыоғы 10 айда 113 млн.115 мың құрады.
Шығыстар
- Көкжайық ауылдық округінің көшелерін жарықтандыру 3млн 490мы4 т.
- Елдімекендерді тазалықпен қамту – 3 млн 917 мың теңге.
- Абаттандыру(гүл егу, көгалдандыру, саябақ қоршауларын бояу) – 4 млн 668 мың т.
- Көкжайық ауылдық округінің жолдарын қардан тазалау 1 млн 73 мың
- Көкжайық ауылының жолдарына грейдировка жүогізу 1 млн.тенге
Барлығы 14 млн. 805 мың теңге
Ауылды көріктендіру мақсатында көктем айында Жеңіс, Жастар саябақтарына және әкімшілік алдына 2000 гүл отырғызылды.. Көкжайық ауылының 3 саябақтарында терен құдық қазылып эл.мотор орнатылды.Ауыл жастарының ұйымдастыруымен аулымыздың «Бөдес ата мешітіне көмір қора және қойма салынып іске қосылды. да қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Жеңіс саябағында 200 тоғай егілді, Оның ішінде 50 шырша,50 қароағай,100 қайын.
Көкжайық ауылы жастарының және әкімшілік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мешіттің манайындағы және «Жеңіс саябағының» шөбі шабылып тазартылды. Көкжайық ауылының баодық көшелеріне тегістеу жұмыстары жүргізілді. Және көше жарығы ағымды жөндеуден өткізілді. Сәуір айындағы су тасқынынан салдарынан бүлінген көше жолдары толығымен тегістелді.Қазан айында Көкжайық,Ақ-ой Қарамойыл ауылдарында қокыс жинайтын полигон қалпына келтірілді.Қарағандыкөл ауылының жолдары ағымды жөндеуден өтті,көшелеріне 30 электрожарық орнатылды..Қараша айында Көжайық ауылының Алаш Орда көшесіне 150 бағана орнатылады. Мердігер Ерланқызы Жадыра.Бүгінгі таңда округті дамыту мақсатында осындай жұмыстар атқарылды. 2025 жылы аталған жұмыстар ары қарай жалғастырылады.
2025 жылы қойылған міндеттер және жоспарлар
1.Көкжайық ауылының Алаш Орда көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
2.Көкжайық ауылының Алаш Орда ,Чайковский көшелеріне асфальт төсеу.
3.Көкжайық ауылында мал қорымын салу.
4.Қөкжайық ауылының орталық және балалар паркін ағымды жөндеуден өткізу.
5.Қарамойыл ауылына балалар ойын алаңын және шағын футбол аланың салу
6.Ақ-ой ауылында балалар ойын алаңын және шағын футбол аланың салу
7.Қарағандыкөл ауылының жолын тегістеп, ауыл ішін абаттандыру.
8.Көкжайық әкімшілік ғимаратын ағымды жөндеуден өткізу
11
21 қаңтар 2025 14:53
21 қаңтар 2025