Көкжайық ауылдық округінің бизнесін дамыту

Экономиканың жетекші салаларының бірі-шағын бизнес. 2023 жылы округте 127 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жастарға, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған көп балалы отбасыларға, мүгедектерге арналған 400 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес–идеяларды дамытуға қаражат бөлінді.Кәсіпкерлік негіздері "Бастау бизнес"бағдарламасы бойынша грант алған азамат өз кәсібін тіркеп, өз жұмысын атқаруда.

Сонымен қатар, 2023 жылы басталған "Ауыл Аманаты" бағдарламасы бойынша ауданның 6 тұрғыны құжаттарын тапсырып, мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен несие алған. Қазіргі уақытта мал шаруашылығымен айналысады.

Жарияланған күні

05 наурыз 2024 15:21

Жаңарту күні

05 наурыз 2024