GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
28 января 2026
Ауданның даму бағыттары аппараттық кеңесте талқыланды

Ауданның даму бағыттары аппараттық кеңесте талқыланды

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен 2026 жылдың алғашқы аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мейіржан Серікбосынұлы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының 2025 жылғы есептері мен 2026 жылға арналған жоспарларын тыңдады. Жиында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, бюджет атқарылуы және алдағы жылға қойылған негізгі міндеттер талқыланды.

2025 жылы бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бюджет қаражаты мақсатты әрі тиімді игеріліп, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында жоспарланған жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын сақтау шаралары мен ветеринариялық-профилактикалық жұмыстардың атқарылуы, аудандағы эпизоотиялық жағдай туралы мәселелері де қаралды.

Аудан әкімі 2026 жылға арналған жоспарларды нақты әрі нәтижеге бағытталған етіп орындауды, сондай-ақ жоспарға сәйкес жұмыстардың жүйелі, сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекеттік қызметтер
18 декабря 2025
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.
Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады.Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа дафактілер бойынша өтініш жіберуге болады.
Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

23 октября 2025
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.   

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасайды.

Пилоттық жоба Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асып жатыр. Құжат жүргізуші куәліктерін беру тәртібін жаңартып, цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жаңа қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді. Пилоттық жобаның мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген. Осы кезеңде қызметтің тиімділігі мен қолайлылығы бағаланып, талдау нәтижесінде жаңа тәртіпті тұрақты түрде енгізу мәселесі қаралады.

Жаңа рәсімдеу форматы жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындар үшін бұл процесті бұрынғыдан да жеңіл, ыңғайлы және қолжетімді етті.

Сонымен қатар, «ЦОН» мобильді қосымшасы болашақ жүргізушілерге қосымша мүмкіндіктер ұсынады: қолданушылар теориялық және практикалық емтихандарға, сондай-ақ сынақ емтиханына жазыла алады. Бұдан бөлек, қосымшада көлік сатып алу-сату шартын рәсімдеу, автокөлік тарихын тексеру және өзге де электрондық қызметтерді пайдалану сияқты пайдалы функциялар қамтылған.

20 октября 2025
“Таза Қазақстан” эко-акциясы аясында Абай ауданының барлық ауылдық округтерінде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.

“Таза Қазақстан” эко-акциясы аясында Абай ауданының барлық ауылдық округтерінде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Экологиялық бастаманың нәтижесінде аудан бойынша алма, мойыл және қылқан жапырақты ағаш түрлерінен барлығы 2000 түп ағаш отырғызылды.🌳 Іс-шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері белсене атсалысып, жалпы саны 510 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны тазарту жұмыстары да қатар жүргізіліп, 12 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Мұндай игі істер табиғатты аялауға, жасыл желек көлемін арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Игі шараға қатысқан барлық азаматқа алғыс білдіремін.

15 октября 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу 
 

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер:

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу 

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 083,08 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 463,47 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 551,25 млрд теңге. 

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 68,36 млрд теңге.  

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

2025 жылғы 1 қыркүйекке МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,58%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,85%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,78%, ҚРҰБ депозиттері – 2,14%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,77%, МҚҰ - 1,20%.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,33%, АҚШ долларымен – 42,67%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 277,10 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 139,12 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 456,19 млрд теңге, өзге кірістер - 5,16 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.   

2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылдың тамызына дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,74 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,60%, инфляция мөлшері – 12,20%.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,58%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,20%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,64% көрсетті.

Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 68,36 млрд теңгеден асады.

01.09.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,74 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,59%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,76%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 16,29%, РЕПО – 16,14%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,33%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,17%, МҚҰ – 5,90%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,82%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,77%. Атап кетейік, портфельдің 75,09% теңгемен, 23,47% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 10,94% болды.

"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.09.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,42 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 44,31%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,54%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,73%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,49%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,25%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,99%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 3,84%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 76,27%, АҚШ долларымен 23,73% тең.

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,59% болды.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,67 млрд теңге.  

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,92%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,53%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,71%, РЕПО – 12,33%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 74,12%, АҚШ долларымен 25,88%.

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,85% болды.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,98 млрд теңге.

ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 17,81%, ҚР ЕДБ облигациялары – 17,48%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,33%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 16,05%, РЕПО – 9,30%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,40%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,83%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,42% инвестицияланды.

Ұлттық валютада портфельдің 69,03%, АҚШ долларында – 30,97% инвестицияланды.

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,14% болды.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,55 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 23,31%, РЕПО – 16,96%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,78%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,52%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,59%, МҚҰ – 8,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,51%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,62%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,14%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,79%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,70%.   

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,33%, АҚШ долларында – 40,67% инвестицияланды.

2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,25% болды.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

15 октября 2025
Қазақстандықтарға 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті 

 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша отандастарымызға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті. БЖЗҚ-ның МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі 12,60% құрады, инфляция мөлшері – 12,20%. ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 01.09.2025ж. – 7,64%.

Қазақстандықтардың ағымдағы жылдың 8 айындағы таза инвестициялық кірісі – 1 270,99 млрд теңге. Оның ішінде 1 265,72 млрд теңгесі салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен табысқа тиесілі. Қазақстандықтардың шартты зейнетақы шоттарына (ШЗШ) есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен таза инвестициялық кіріс 5,26 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.  

Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан асып түседі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекке өспелі қорытындымен жинақталған кірістілік 979,95% -ды көрсетті. Бүкіл кезеңдегі инфляция – 827,78%.  

 Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар), сыртқы басқарудағы активтер бойынша сыйақы есебінен, сондай-ақ қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау есебінен қалыптастырылады. Зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылықты қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ)  инвестициялық портфельді тұрақты түрде әртараптандырып отырады – активтерді нарықтық жағдайларға байланысты құрылымы үнемі түзетіліп отыратын әртүрлі қаржы құралдары мен валюталарға орналастырады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. 

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпаратты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан да алуға болады.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

21 июля 2025
✅Аягөз – Қарауыл – Семей – Қайнар бағытындағы жолдың 100–144 шақырым аралығында күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Аталған учаскеге Көкбай және Құндызды ауылдық округ тұрғындарының өтінішіне сәйкес және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 5000 шаршы метр көлемінде шұңқырларды жамау жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсарту мен тұрғындар үшін қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.
21 июля 2025
Қуанышты жаңалық! ✅Көкбай ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтардың электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі Көкбай ауылдық округіне қарасты 31 шаруа қожалығының электр желілерінде жиі ақау орын алып, жарықтың тұрақты түрде өшуі тіркелген. Осыған байланысты маусым айында «Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» бюджеттік өтінім жолданып, кезекті облыстық мәслихат сессиясында жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлінді. Сонымен қатар, тағы 12 шаруа қожалықтың электр желілерінің мәселесі шешіліп, күз мезгізіліне дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде. Осы бойынша тиісті сметалық құжаттама әзірленіп, қаражат маусым айында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қарастырылып, қолдау тапты. Бұл жұмыстар жайлаудан оралған халық үшін үлкен қуаныш пен қолайлы жағдай туғызары сөзсіз. Жақын күндері жөндеу жұмыстары басталады.
17 июля 2025
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды. Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады. Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.
Мемлекеттік қызметтер
26 июня 2025
073/е нысанындағы анықтаманы енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.

073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.

Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;
  • «№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы