Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы

2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек (9 256 теңге) 110 отбасына (661 адам, оның ішінде 417 бала) тағайындалып, 67 201,3 мың теңге көлемінде төленді.
Оның ішінде:
– 66 көпбалалы отбасы (457 адам, 312 бала);
– 44 аз қамтылған отбасы (204 адам, 105 бала).

1–7 жас аралығындағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет 5 898 теңге мөлшерінде тағайындалды.
92 отбасының 178 баласына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп, жалпы сомасы 8 285,6 мың теңгені құрады.

Абай ауданы бойынша 01.01.2026 жылғы жағдайға өңірлік картаның жоспары мен орындалуы:
– Қоғамдық жұмыстар: жоспар – 122 адам, орындалуы – 179 адам;
– Әлеуметтік жұмыс орны: жоспар – 8 адам, орындалуы – 8 адам;
– Жастар практикасы: жоспар – 25 адам, орындалуы – 31 адам;
– Алғашқы жұмыс орны: жоспар – 8 адам, орындалуы – 10 адам;
– «Күміс жас» жобасы: жоспар – 40 адам, орындалуы – 51 адам;
– «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы: жоспар – 1 адам, орындалуы – 1 адам;
– Қысқа мерзімді оқу: жоспар – 20 адам, орындалуы – 29 адам;
– Грант: жоспар – 5 адам, жоспарға сәйкес орындалуы – 5 адам.

Жастарға арналған 2,5 % жеңілдетілген несие бойынша ағымдағы жылға қаржы қарастырылмаған.

Бос жұмыс орындары: жоспар – 226 адам, орындалуы – 339 адам.

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы дипломның көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы дипломның көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;
кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу кезінде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы дипломның көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;
кредиттік бюроның есебі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы(болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамалар еңбек қызметі жөніндегі мәліметтер, орта білімнен кейінгі, техникалық білімі бар дипломының болуы туралы мәліметтер, кәсіптік және / немесе жоғары білімді Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.