«Шар қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы

Мемлекеттік орган

Жарма ауданының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-G-3

Орташа лауазымдық айлықақы

90963 - 122463

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Азаматтар мен  заңды тұлғалардың  Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, жоғарғы және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындуына жәрдемдесу, іс қағаздарын жүргізу режимін қамтамасыз ету; қала әкімінің өкімдерін жүзеге асыру, аудандық әкім аппаратының бөлімдерімен, аудандық дербес мемлекеттік бөлімдермен байланыс орнату.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кіріс шығыс құжаттарына бақылау жасап, есебін беру; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электронды жүйеге енгізу; №1-ОЛ статистикалық есебін жүргізу;  Кадр жұмысын атқару; Мемлекеттік қызметшілердің жылына бір реттік декларацияларын тапсыруын ұйымдастыру және қадағалау; Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер беру; Халықты әлеуметтік қорғау, қолдау, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасын жүзеге асыру; Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданған азаматтармен жасасқан келісім-шарттарды толтыру, жұмыс уақытының есебін жүргізу;  Әкімнің қатысуымен болған дүйсенбі күнгі жиналыстың іс-қағаздарын қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Көп балалы аналардың «Алтын алқа», «Күміс алқа» жоғарғы награда алуларына ықпал жасау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  және 18-жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар алушылармен жұмыс жасау; Аппараттың іс-номенклатурасының жүргізілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру; Мемлекеттік мұрағатқа қаланың құжаттарын сақтауға тапсыру; Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру. Азаматтарды жеке сұрағы бойынша қабылдау, өтініштермен жұмыс істеу /әңгімелесу, өтініш берушіге жауап беру/. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша жұмыстарын ұйымдастыру.Әкім аппараты мен жоғарғы органдардың нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 03.08.2021

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    04.08.2021 – 12.08.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    17.08.2021

    Сұхбаттасу орны

    ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы Достық көшесі 105 конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

    Анықтама алу үшін байланыс

    тел: 8(7247) 65-190,  факс 65-188