«Абай облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ канцелярия және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы (жүктілік және босану бойынша бас маманның уақытша орны 2024 жылғы 17 наурызға дейін), код (No 05-04), В блок
Жарма ауданының әкімдігі
Абай облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
Қосымша талаптар
- Білім (қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, шетел тілі мұғалімі);
- Бизнес, басқару және құқық (құқық , бухгалтер);
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник);
Функционалды міндеттер
Облыс әкімінің және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын ақпараттық есепке алу бағдарламасында орындалуына бақылау жасау. «Қызмет бабында» белгісі бар іс қағаздардыңорындалуына бақылау жүргізу. Бақылауда тұрған ҚР Президенті және Үкіметі, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау, жүзеге асыру, есепке алу ақпараттық бағдарламасы жүйесінде нормативтік-құқықтық актілеріне ақпарат беріп, бақылау жүргізу және тоқсан сайын ақпараттарды жинақтап, ақпараттық қаулы, өкімдерді есепке алу бағдарламасына салу. Есепке алу ақпараттық бағдарламасында аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындалуына бақылау жасау,ақпарат жинап, аудан әкіміне ұсыну және бағдарламаға салу. аудан әкімдігі және аудан әкімімен қабылданған қаулыларын, шешімдерін тіркейді; жоғары органдардың бақылауында тұрған хаттарға, облыс әкімінің және орынбасарларының хаттамалық шешімдерінің орындалу нәтижелері бойынша тиісті бөлімдермен жауаптарды мерзімінде дайындалуын қадағалап, бақылау, жауаптарды мерзімінде жіберу, бақылауындағы мәселелердің орындалуына 10 күн қалғанда орындаушыға жауап беру жөнінде жазбаша ескерту жібереді; Басшының қолы қойылуы негізінде орындалған құжаттардың жобаларын жасап жіберілуін бақылау; аудан әкімі аппаратының жиынтық номенклатурасының ісін жасау, мұрағатқа тапсыруға жататын құжаттарды дұрыс қалыптастыруды жасау және сақталуын, сондайақ құжаттық ақпараттарды пайдалануды бақылауға алу; Аудан әкімдігі және аудан әкімімен қабылдаған қаулыларын, шешімдерін тіркеу, көшірмелерін бекітілген тәртіппен куәландыру. Аппаратқа келіп түсетін іс-қағаздарды жүргізу, корреспонденциялардың орындалу нәтижелері бойынша тиісті бөлімдерден жауаптарды мерзімінде дайындалуын қадағалап, бақылау, жауаптардың мерзімінде дайындалуын қадағалап, жауаптарды мерзімде жіберу, орындалу тәртібінің бұзылу фактілері бойынша басқарманы ақпараттандыру. Мемлекеттік мұрағаттың жергілікті бөлімшесінде бүкіларалық сала жүйесімен құжаттарды тапсыру үшін дайындап, тапсыру. Е-Архив бағдарламасында тапсырылатын құжаттар бойынша жұмыс жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.omirgazina@akimatabai.gov.kz
- 15.11.2023
- Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
Тел: 8-72347-65855, факс: 8-72347-65188