ЖАРМА АУДАНЫ ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

КОМИССИЯ ШЕШІМІ
Комиссия отырысы өтініш пен қоса ұсынылған басқа да құжаттарды қарай келе, "PetroRetail PFS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жарма ауданы, Қалбатау ауылдық округінде орналасқан кадастрлық нөмірі 23-243-008-142 - ге іргелес жатқан болжамды алаңы 0,7460 гектар жанар-жағармай станциясы мен минимаркетке қызмет көрсету үшін жер учаскесіне жеке меншік жер пайдалану құқығының берілуі мүмкін деп санады.
Сұралып отырған жер учаскесі су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр шекте орналасқан болса, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125,126 баптары және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы, 1-2 тармағының негізінде, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органы су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын айқындап, сондай-ақ олардың шаруашылық пайдаланылу режимін белгілеп, жерге орналастыру жобасы келісілгеннен кейін.
Жер комиссиясының хаттамалық шешімі негізінде жерге орналастыру жобасы әзірленуі қажет.
ҚР Жер кодексінің 43 бабына сәйкес, жер комиссиясы оң қорытындысының қолданылу мерзімі қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды. Біржылдық мерзімді өткізіп алу жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшін негіз болып табылады.
(«Мүмкін» дегендер-9, «мүмкін емес» дегендер-0, қалыс қалғандар-0)