Аудан әкімінің жұмыс сапары Шар су қоймасында жалғасын тапты

Аудан әкімінің жұмыс сапары Шар су қоймасында жалғасын тапты
Бүгін, аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев жұмыс сапарымен Шар су қоймасына барып, су деңгейін бақылап қайтты. Қазіргі уақытта су қоймасына 50 куб метр секундтына көлемінде су келіп, 10 куб метр секундтына көлемінде су босатылып отыр.
Су деңгейі тұрақты сақталып, барлық бақылау жұмыстары уақытында жүргізілуде.
Аудан басшысы су қоймасының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.