Жарма аудандық маслихатының депутаттарының назарына!

Жарма аудандық маслихатының депутаттарының назарына!

Жарма аудандық мәслихатының кезекті ХLVІ сессиясы 2020 жылдын 29 мамырында сағат 10:00-де аудан әкімдігі ғимаратында өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы және Жарма ауданының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы.
Гүлфайрус Сакеновна Серикболова – «Жарма ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы.

2019 жылғы Жарма аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілі.

Жарма ауданының дамыту бағдарламасын іске асыру туралы.
Назым Кубайдоллаевна Сейтказина – «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің басшысы

2. «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар мәселесі, азаматтардың құқықтарын қорғау, ұлтаралық қатынастар жөніндегі» тұрақты комиссияның есебі.
Какимжан Нургайланович Скаков – №8 Жаңғызтөбе сайлау округінің депутаты, тұрақты комииссия төрағасы.

3.«Экономикалық реформалары, бюджет және қаржы мәселелері, кәсіпкерлік қызметті дамыту, аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссияның есебі
Аслан Мухтарханович Узбеханов – №12 Шар сайлау округінің депутаты, тұрақты комиссия төрағасы .
4. Әртүрлі мәселелер:

Жарма аудандық мәслихатының аппараты