Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тірі жануарларды немесе жануарлардан алынатын өнімді, техникалық шикізатты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауды жүзеге асыру үшін ветеринариялық сертификат алу қажет;
№ 1 Форма-тірі жануарларды тасымалдауға біріледі;
№ 2 форма-жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат;
№ 3 форма - техникалық шикізат, жемшөп және жемшөп қоспалары;шекара бекетінен кедергісіз өту үшін.
"Ветеринариялық сертификат" – Тараптың уәкілетті органы өткізуге (тасымалдауға) жататын бақылаудағы тауарларға беретін, оның ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігін және осы тауарларды өндіру орындары әкімшілік аумақтарының жануарлардың жұқпалы аурулары, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ аурулар бойынша салауаттылығын куәландыратын құжат.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Дайын сүт, май және балық өнімдеріне ветеринариялық сертификат беру кезінде – өтініш берген күні. Қажетті құжаттардың тізбесі: 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат; 3) жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты, азықтарды тасымалдау кезінде – сараптама актісінің көшірмесі; Сараптама актісін : өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары бар болған кезде; Мониторинг жоспары шеңберінде зерттелетін өнімнің сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берген сәттен бастап 1 (бір ай) ішінде оны пайдалану кезеңінде зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес болған кезде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай бойы пайдалануға жол беріледі; 4) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі; 5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда); 6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу (болу), жүру (бағыты) және (немесе) келу (межелі пункт) орнының эпизоотиялық ахуалының нашарлауы; 2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы; 3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы; 4) ветеринариялық сертификатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің, көлік құралдарының, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық сертификат алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы
Бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы: Махметов Нұржан Маратұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 тамызда № 11898 болып тіркелді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011898