«Зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы Заңды қабылдау»

2022 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде заң қабылданды.

Заңмен:

  • тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге қытысты қысқа мерзімді күзет ұсыну жүйесі;
  • зияткерлік меншіктің жаңа объектісі- «географиялық көрсеткіш»;
  • тауар таңбалары, географиялық көрсеткіштер және тауар шығарылған жердің атаулары бойынша «оппозициялық» жүйе (өтінім сатысында тіркеуге қарсылық білдіру мүмкіндігі);
  • мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) көрсетуге заң консультанттарын тарту;
  • мемлекет кепілдік берген заң көмегіне (МКЗК) құқығы бар тұлғалар тобын кеңейту;
  • мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттерін нақтылау;
  • патенттік сенім білдірілген өкілге қойылатын біліктілік талаптарын нақтылау енгізілді;

Заң зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғау саласын күшейтуге және ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес келтіруге, сондай-ақ, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу саласын кеңейтуге бығытталған.