Жарма ауданының ТЖБ ағымдағы жылғы 01 наурызда 2022 жылы Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс Күніне орай және 03 наурызда 2022 жылы «Көктем-2022»

Жарма ауданының ТЖБ ағымдағы жылғы 01 наурызда 2022 жылы Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс Күніне орай және 03 наурызда 2022 жылы «Көктем-2022»

Жарма ауданының ТЖБ ағымдағы жылғы 01 наурызда 2022 жылы Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс Күніне орай және 03 наурызда 2022 жылы «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға байланысты электр дабылдарын іске қосу жүргізілетінін және телерадио хабарларын таратуға қосылу жүзеге асырылатынын хабарлайды. Сабырлық сақтауды сұраймыз! Халықты құлақтандыру дегеніміз- жақындап келе жатқан қауіп пен жағдай туралы уақтылы ескерту, сондай-ақ осы жағдайдағы мінез-құлық тәртібі туралы хабарлау. Дабылдардың ұзақ дабыл қағуы, кәсіпорын дабылдарының гуілдеуі, көлік құралдарынан шыққан сигналдардың барлығы «Баршаның назарына!» деген ескерту белгісін білдіреді. Оны естіген уақытта, дереу теле-, радиоқабылдағыштарды қосып, шұғыл хабарламаны, дыбыстық ақпаратты тыңдау қажет. 104 FM толқынындағы Қазақстан радиосын және жергілікті «Қазақстан», «Хабар», «31 арна» және басқа телеарналарды қосу қажет. Дыбыстық хабарламада төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы, оның ауқымы, болжамды дамуы, шұғыл іс-қимылдар және халықтың мінез-құлық қағидалары туралы ақпарат қамтылатын болады. Ең бастысы-бірнеше рет жіберілетін хабарламаны мұқият тыңдау және дұрыс түсіну. Төтенше жағдайлар қаупі немесе туындауы жағдайында белгіленген тәртіп ережелерін қатаң және мүлтіксіз орындаңыз, бұл Сізге және Сіздің жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі