Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер және ауылдық округтер деңгейінде интернет байланысының сапасына мониторинг

"Жарма-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі К.Тулеубаева және қоғам өкілдері Р. Темерханов, С. Тулебаева және Д. Жұмақанова ауылдық округтердің интернет-байланысының сапасына мониторинг жүргізді.
Интернет байланысын АҚ "Қазақтелеком", "Семейтранстелеком", "Картел" компаниялары жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта көптеген ауылдық округтерде "Wi-fi " роутерлермен
" Altel", "Beeline", "Activ", "Tele-2 "сим-карталары орнатылған. Компаниялар әрқашан ұялы байланыс желісін кеңейтуді қарастырады.
Интернет байланысының сапасын жақсарту мақсатында атқарушы биліктің жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі.