Әуезов кентінде мәдениет үйінің құрылысы тұрақты бақылауға алынды

Әуезов кентінде мәдениет үйінің құрылысы тұрақты бақылауға алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Құрылыс учаскесіне жұмысқа кіргендердің жалпы саны 26 қызметкерді құрайды, оның ішінде: 8 адам қосалқы қызметкерлер, 13 маман, монтаждаушы, дәнекерлеуші. Техника саны 5 бірлік: 1 фронталды тиегіш, 2 кран, 1 автовышка, 1 бетон араластырғыш.
2020 жылы орындалған жұмыстардың сипаттамасы: фундаменттарды орнату, төсеу бойынша жұмыстар, инженерлік желілер мен ЭБЖ (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электр энергиясы) орындалды.
Ағымдағы жылы аяқталған жұмыстар: металл құрылымдарын дайындау және негізгі металл құрылымдарын дәнекерлеу бойынша жұмыстар аяқталды (колонналар, фермалар, кергіштер, байлау және т.б.), бірінші және екінші қабаттардың едені құйылды, ленолиум және керамогранит астына 1 қабаттың еденің тазалап құйылды, еденнің жабынын монтаждау жұмыстары аяқталды, сендвич панельдерін орнату аяқталды, кіру тобының іргетастарын құю бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, техникалық алаңның 1 және 2 қабаттардың кірпішпен қалау және сылақ жұмыстары, бірінші қабатты әрлеу және сылау, ғимаратты жабу жұмыстары (бірінші қабат), терезе блоктары мен сыртқы витраждар орнатылды, кіру тобының күнқағарларын монтаждау.
Бүгінгі күнге орындалып жатқан жұмыстар: ғимаратты жабу жұмыстары (екінші қабат) және 2-ші қабатты сылақ жұмыстары аяқталуда, ғимараттың желдеткіш жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, ғимаратты электрмен жүйесімен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.