Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясы туралы
2021 жылдың 21 қаңтарында Жарма ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимаратында кезектен тыс ІІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 12 депутатының 8 депутаты қатысты.
Аудандық мәслихатының сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:
1. 2021-2025 жылдарға арналған Жарма ауданын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы.
Назым Кубайдоллаевна Сейтказина – «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің басшысы.
2. Әртүрлі мәселелер:
1) Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 29/252-VI «Жарма аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Жарма ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы;
3) Жарма аудандық мәслихатының үшінші сессиясының төрағасы туралы.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер депутаттық корпусымен толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.