Газ құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері

Газ құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері

Баллон газбен бірге, шынымен де бақылауда екенін қазір тексеріңіз. Өйткені жақындарыңыз бен өздеріңізді қайғылы жағдайдан аман сақтап қалу үшін, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажет және ағаттылық іс әрекеттерге жол бермеу керек. Суық мезгілінде газды баллонның реттеуіш тиегі құрылғысы қатып қалады, оны адамдар тез арада жылыту барысында жанғыш құрылғының қасына қояды, ыстық суға салады, ашық от түрін пайдаланады. Нәтижесінде осындай жылыту барысында ішіндегі агрегат қысымы үлғайып, адам шығынына әкеп соғады. Баллонды жанғыш құрылғысынан 1 метр қашықтықта, ал газ плитасын жылыту конструкциясынан 30 см кем емес қашықтықта құру қажет. Газ құрылғысы пішіні терең сызаттардан, жарықтардың бұзушылығы болмауы керек, оның негізгі элементі болып жаға, башмақ және баллонның толық және бос кезіндегі тарысы, газдың салмағы, кезектік техникалық куәлендіретін мерзімі (бес жылда 1 рет) және жұмыс қысымы көрсетілетін паспорт болуы керек. Резеңке тығыздалған сақинаның сыйымдылығы ақаусыз, икемді болуы керек.

Газ иісін сезгенде сіріңкені, электр құрылғыларын қолдануға, жарықты жағып сөндіруге болмайды, дер кезінде адамдарды ғимараттан шығару қажет, газды берілуін жабу, бөлмелерді желдету керек, апаттық газ қызметкерлерін шақырту қажет. Сонымен қатар, газ плитаның қасына кішкентай балаларды, сау емес күйіндегі тұлғаларды жақындатпауға тырысыңыз. Газ құрылғыларын жөндеу өте қауіпті, ол газбен ғимаратты жылту үшін немесе оның астында кірді кептірумен тең.

Есте сақтаңыз, тұрмыстық баллонды автокөліктер газды құю станцияларында толтыру өте қауіпті, өлшеусіз сыйымдылықты толтыру баллонның толып кетуіне әкелуі мүмкін, соңында ол өртке немесе жарылысқа әкеледі.

Жарма ауданының ТЖБ-нің қызметкерлері, сізді газбен жұмыс істегенде абай болуыңызды сұрайды. Тыңдаңыз, осындай жай ережелер сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.

 Жарма ауданы ТЖБ-і