Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау комиссиялары мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын каскадты оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы саяси партияларының өкілдері, сайлауды байқауды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында сайлау процесіндегі жариялылық пен ашықтық қағидаттары, байқаушылардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтары мен міндеттері, оларды сайлау учаскесінде тіркеу тәртібі, дауыс беру күні бақылау жүргізу ерекшеліктері қарастырылды.
Сонымен қатар сайлау комиссияларының байқаушылармен және сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен өзара жұмыс істеу тәртібіне, сайлау комиссиясының жұмысына араласпау талаптарына және сайлау учаскесінде тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Семинардың негізгі мақсаты – сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттыру және сайлау процесінің заңдылығын, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.