Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау комиссиялары мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын каскадты оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес каскадты оқытудың үшінші кезеңі өткізілді.
Жарма ауданында сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту семинарлары жалғасты
Жарма ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күні атқаратын жұмысы және дауыс беру процесінде сайлау бюллетеньдерін беру тәртібі» тақырыбында оқыту семинарлары өтті.
Апта басында Жарма ауданында сайлау процесіне қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған каскадты оқыту жұмыстары жалғасты.
Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау комиссиялары мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын каскадты оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес каскадты оқытудың үшінші кезеңі өткізілді.
Үшінші кезең аясында Жарма ауданындағы 45 учаскелік сайлау комиссиясында комиссия төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары өз комиссияларының мүшелеріне оқыту жүргізді.
Оқыту барысында аталған тақырыпқа ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің атқаратын міндеттері, сайлаушыларды қабылдау және сәйкестендіру тәртібі, сайлау бюллетеньдерін беру кезінде сақталуы тиіс талаптар, дауыс беру процесін ұйымдастырудың негізгі кезеңдері және комиссия мүшелерінің жауапкершілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, дауыс беру барысында заңнама талаптарын сақтау, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процесінің белгіленген тәртіппен өткізілуіне ықпал ететін ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
Каскадты оқытудың бұл кезеңі учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің практикалық дайындығын арттыруға, олардың өз міндеттерін нақты әрі дұрыс орындауын қамтамасыз етуге және дауыс беру процесін сапалы ұйымдастыруға бағытталды.
Оқыту нәтижесінде комиссия мүшелері дауыс беру күні атқаратын жұмыстар мен сайлау бюллетеньдерін беру тәртібі бойынша қажетті түсіндірмелер алып, өзара тәжірибе алмасты.
