Оқыту семинары өткізілді

Көру саны:3
Жарма ауданының бірмандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының мүшелері үшін «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі кезеңдері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында алдағы сайлау науқанын ұйымдастырудың негізгі кезеңдері практикалық тұрғыда түсіндірілді. Атап айтқанда, кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібі, қажетті құжаттарды қабылдау мен ресімдеу, кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті органдарға сұраныстар жолдау, сондай-ақ кандидаттармен жұмыс жүргізу алгоритмі қарастырылды.
Оқыту барысында сайлау комиссиялары мүшелеріне сайлау рәсімдерін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру және өз міндеттерін тиісті деңгейде орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинардың мақсаты – комиссия мүшелерінің практикалық дағдыларын жетілдіру, сайлау заңнамасын қолдану бойынша білімдерін арттыру және алдағы сайлау науқанын сапалы ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсету