Меню

Страницы

Статья

2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша Ақпарат

"Абай облысы Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ-нің тапсырмасы бойынша Жарма ауданына 2024 жылға 13 000 гектар мемлекет меншігіне қайтару жоспарлы мән берілген, 2024 жылдың тамыз айына дейін 6277,9 гектар жер қайтарылды.  "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ тапсырмасымен Абай облысы бойынша жер учаскелерінің мемлекет меншігіне қайтарудың жоспарлы мәні орындалғандықтан жұмыстар тоқтатылды.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметтерімен 24 жер комиссия отырысы өткізіліп, заңға сәйкес нормалар сақталып өтініштер қаралды. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметімен 45 жер учаскесін бөлу туралы қорытынды берілді. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі бойынша 38 жер учаскесінің қолдану мерзімі ұзартылып, қаулылар шығарылды. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметімен 306 бұйрық шығарылды. "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметі арқылы 31 өтініш қаралып жалға алу шарттары жасалды. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметімен 7 өтініш қаралып қаулылар шығарылды. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру", "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметтеріне өтініштер болған жоқ.

E-qazyna сауда (аукцион) платформасы арқылы 1 жер учаскесіне аукцион өткізіліп 224 102,47 теңгеге 5 жылға жер учаскесін жалға алу құқығын сатып алды.

Жер учаскелерін қайта айналымға енгізу бойынша 3 конкурстық жер комиссиясы өткізіліп жалпы көлемі 17206,1 гектар 20 жер учаскесі берілді.

Абай облысы Жарма ауданының Ауыл шаруашылық алқаптарының 2024 жылғы  жағдай бойынша саны және сапалық жай-күйі мен пайдаланылуы туралы, оған алқаптардың алаңдарында болған өзгерістер, оларды санаттар, меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша бөлу туралы мәліметтер енгізіліп, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу жөніндегі басқа да мәліметтер туралы есеп

2024 жыл жағдай бойынша Абай облысы Жарма ауданының аумағы 2 342 271 га құрайды.

Жарма ауданының жер санаттары бойынша

жер қорына бөлінуі

 

№ п/п

Жерлер санаты

Алаңы, га

 

1

 

 

 

 

2.

3.

 

4.

5.

6.

7.

 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

оның ішінде

- азаматтардың жерлері

- ұйымның жерлері

 

Елді мекендердің жерлері

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері

және басқа ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері

Орман қорының жерлері

Су қорының жерлері

Босалқы жерлер

 

1 310 724,7

 

982 807,7

327 917,0

 

332 585,0

14 117,5

 

14 711,0

0

1459,0

668 674,0

 

Барлық жерлер

2 342 271,0

8

Облыс өз шекарасынан тыс жерде пайдаланатын жерлер (Абай облысының Жаңа Семей қаласы Жарма ауданының жерлерін пайдаланады)

1891,0

 

2024 жылы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жер көлемі 2023 жылмен салыстырғанда жер беру есебінен және тексеру қорытындылары бойынша 26709,0 гектарға ұлғайды және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының жерді қайтаруы, өзге себептер бойынша шаруашылықтардың басқа нысандарына қайта құрылуы есебінен 39655,8 гектарға азайды.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 1310724,7 га (2023 жылы – 1323671,6 га) құрады, оның ішінде жерлер бойынша:

  • егістік- 23103,0 мың га;
  • тыңайған жерлер - 51042,6 га;
  • шабындық - 62732,8 га;
  • жайылым - 1137583,3 га.

 

Ағымдағы жылы шаруа қожалықтарының жерлері өткен жылмен салыстырғанда 16654 гектарға ұлғайып, 38904,8 гектарға азайып,
972402,2 гектарды құрады (2023 жылы – 3005058,7 гектар).

Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын ұйымдардың жерлері есепті жылы 10055 гектарға ұлғайып, 751,0 гектарға азайып, 327917,0  гектарды құрады (2023 жылы – 318612,9 гектар).

          Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жер пайдаланушылардың саны 808 құрайды ( 83- ке көбейді), оның ішінде:

  • шаруа қожалықтары - 756 (75-ке көбейді);
  • шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар – 45 (7-ге көбейді);
  • өндірістік кооперативтер - 6 (1-ге көбейді);
  • ғылыми-зерттеу және оқу орындары мен мекемелері – 21 (өзгерген жоқ);

 

Санының азаюы нақтылау (ревизия) қорытындысы бойынша орын алды.

          Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер есепті жылы өзгеріссіз қалды 14117,5 гектар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі ағымдағы жылы өзгеріссіз қалды 14711,1 мың гектар.

Жарма ауданы аумағында орман қорының жері жоқ.

Су қорының жерлері өзгеріссіз қалып, 1459,0 га құрады. Жер пайдаланушылар саны – 1 құрайды.

 

Запастағы жерлер есепті жылы 12947 гектарға ұлғайып, 668674,0  гектарды (2023 жылы – 655727,0 гектар) құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына таратуға жарамды ауыл шаруашылығы алқаптарының жерлері – 570448,5 гектарды құрады, оның ішінде жерлер бойынша:

  • тыңайған жерлер - 11170,7 га;
  • көпжылдық екпелер - 34,0 га;
  • шабындықтар - 60869,2 га;
  • жайылымдар - 498374,6 га.

 

          Облыстың суармалы жерлерінің жалпы ауданы 01.11.2024 жылға 1835,0 га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 1702,6 га (өңірдің шаруа қожалықтары үшін 1305,6 га, ұйымдарда 397,0 га), елді мекеннің жерлері 132,4 га.

Лиманды суару жерлері де өзгеріссіз қалды және 17400,0 га құрайды.

Дата публикации
13 января 2025
Дата обновления
13 января 2025
Тип
Отчет

Сейчас читают

05 октября 2026
ПРОТИВОДЕЙСТВИЕ КОРРУПЦИИ – ОБЩАЯ ЗАДАЧА КАЖДОГО ГРАЖДАНИНА
14 сентября 2026
Встречи акима района с населением в 2026
08 сентября 2026
Об итогах регистрации кандидатов в акимы Бельтерекского сельского округа Жарминского района

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы