Жеке және заңды тұлғалардың назарына! Ашық НҚА порталында «Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасы орналастырылған . Жобаны талқылауға қатысу үшін Ашық НҚА порталына (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14400725) өту қажет . Жобаны талқылау мерзімі 06.02.2023-20.02.2023.
Абай облысы мәслихатының
ШЕШІМІ
Семей қаласы № ___ «___»_________ 2023 жыл
Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 «Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
- Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Абай облысы мәслихатының төрағасы |
|
Абай облысы мәслихаттың 2023 жылғы «» № шешімнің қосымшасы
Абай облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері
|
№ |
Қызметтерді тұтынушылардың атауы |
Төлем мөлшері, теңге/м3 |
|
1. |
Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін |
45 |
|
2. |
Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін |
60 |
