Блокты-модульді қазандыққа қатысты
Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды уақтылы іске қосуды қамтамасыз ету үшін құрылыс салушының ("КАЗЭНЕРГОМАШ-Т" ЖШС) қаражаты есебінен қуаты сағатына 21,5 Гкал Блокты-модульді қазандық құрылысы жүргізілуде.
Жобаның құны 5 867,8 млн. теңгені құрайды.
Блокты-модульді қазандық 31 көппәтерлі тұрғын үйді, 1200 орындық мектепті, өрт сөндіру депосын және 2 медициналық мекемені жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба жеке инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Болашақта объектіні пайдалануға қабылдағаннан кейін қазандықты мемлекет пайдасына сатып алу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта барлық 10 қазандықты монтаждау жүзеге асырылды, сондай - ақ №3 көтергіш-сорғы станциясы іске қосылды.
Ағымдағы жылдың ақпан айының ортасынан бастап қазандықты пайдалануға беру үшін іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.