«Абай облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы Абай облысы әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Абай облысының әкімдігі»Абай облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы қаулы жобасын (бұдан әрі – жоба) дайындады.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Жоба 2024 жылғы 18 желтоқсанда «Ашық НҚА»  порталында орналастырылды, сондай-ақ, облыстың Қоғамдық кеңесіне ұсынымдар алу үшін жіберілді.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15359906