
Ағымдағы жылдың 22 тамызында Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында «Транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының» ағзалардың ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылу мақсатында өңірлік кеңесіне Дін істер басқармасы қатысты. Теолог-маман Ботақанов Мақсат Дүйсенбекұлы донорлық немесе трансплантация жасаудың діндегі орны жайлы пікір білдірді: Трансплантация жасау да адам баласының жанын сақтап қалуға себеп болатын емдеу жолдарының бірі. Адамның денсаулығына қатер төнген жағдайда тіріден тіріге ағзаларды тарансплантация жасау рұқсат болғандай, зәру болған жағдайда өлген адамның ағзаларын тірі адамға да ауыстыруға болады. Өйткені, өлген адам Құран мен хадисте айтылғандай, тірі адаммен бірдей құрметке лайық болады. Әрі, өлгеннен кейін мүшелерін басқа біреуге ауыстырған жағдайда да оның құрметі төмендемейді.