Абай облысының діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы өтті

Абай облысында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті. Аталған шара мақсаты конфессияаралық байланысты нығайту идеясына, өңіріміздегі дін өкілдерінің бірі-бірімен жақын танысуына мүмкіндік беру болды.

Отырыс Абай облысы дін істері басқармасының басшысы С. Искаковтың кіріспе сөзінен басталып, басқарманың бөлім басшысы Н. Көпжасаровтың баяндамасымен жалғасты. Баяндамада Абай облысы дін істері басқармасының қызметі туралы ақпарат  беріліп,  діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Шараға Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы А. Садырбаев және дін өкілдері  қатысты.

Басқосуда дін саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, діни бірлестіктердің қызметін реттеу және өзге де өзекті мәселелер айтылды.

Жиын барысында діни бірлестік басшылары Клубтың атқарған жұмысына тоқталып, өздерінің ұсыныстарымен бөлісті.

Қызмет бағыты