GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 октября 2026
G-TON: технологиялық стартаптарға өңірлердің нақты мәселелерін шешуге мүмкіндік

Astana Hub ұйымдастыруымен жүзеге асырылатын G-TON акселерациялық бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасуда.

Бағдарлама дайын өнімі немесе MVP нұсқасы бар, өз шешімдерін өңірлердің нақты міндеттеріне бейімдеуге дайын технологиялық командаларға арналған.

Стартаптарға өңірлік әкімдіктер ұсынған 11 бағыт бойынша 47 нақты міндет қолжетімді. Олардың қатарында цифрландыру, ТКШ, экология, көлік, қауіпсіздік және басқа да маңызды салалар бар.

G-TON қатысушылары:
— әкімдік өкілдерімен тікелей жұмыс істейді;
— онлайн-семинарлар, воркшоптар және мастермайндтарға қатысады;
— трекинг арқылы өнімдерін нақты міндеттерге бейімдейді;
— әлеуетті тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін тереңірек түсінеді;
— шешімдерін өңір өкілдеріне Demo Day форматында таныстырады.

Бұл — технологиялық шешімнің нақты сұранысқа қаншалықты сәйкес келетінін тексеріп, оны әрі қарай енгізу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін практикалық орта.

Өтінім қабылдау — 12 қазан 2026 жылға дейін.

Қатысу үшін өзіңізге қызықты 3 міндеттен артық емес таңдап, өтінім беріңіз.

Толық ақпарат пен қолжетімді міндеттер — G-TON бағдарламасының ресми парақшасында.

30 сентября 2026
Абай облысының цифрлық дамуындағы халықаралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді!

«Digital Bridge 2026» халықаралық форумы аясында Абай облысының Цифрлық технологиялар басқармасы мен DEC40 (Global Digital Economy Cities Alliance) қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл қадам өңірдің цифрлық экожүйесін дамытуға, озық халықаралық тәжірибені енгізуге және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа жол ашады. 

Абай облысы — заманауи технологиялар мен цифрлық инновациялар орталығына айналу жолында!

#DigitalBridge2026 #АбайОблысы #Цифрландыру #DEC40 #Инвестиция

16 сентября 2026
Жасанды интеллект және киберқауіпсіздік: қауіптерді қалай анықтап, AI көмегімен қорғануға болады?

2026 жылғы 23 қыркүйекте Семей қаласында жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік тақырыбына арналған лекциялық-практикалық воркшоп өтеді

Іс-шараны Astana Hub-тың өңірлік филиалы — Semey Hub Абай облысының Цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.


Бүгінде жасанды интеллект тек бизнес пен технологияларды дамыту құралы ғана емес, сонымен қатар киберқауіпсіздік саласында жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерді қалыптастырып отыр. Қаскөйлер AI технологияларын фишингтік шабуылдар, дипфейктер, дауыс клондау және ұйым туралы ақпаратты автоматтандырылған жинау сияқты тәсілдерде қолдана алады. Сонымен қатар жасанды интеллект кибершабуылдарды анықтау және олардың алдын алу үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Воркшоп барысында қатысушылар жасанды интеллекттің киберқауіпсіздіктегі қос рөлін қарастырады: бір жағынан — шабуыл жасаушылардың құралы ретінде, екінші жағынан — ұйымдарды қорғауға көмектесетін технология ретінде.

Практикалық бөлімде қатысушылар:
- AI-фишингтің заманауи тәсілдерін және жалған хабарламаларды анықтауды;
- дипфейктер мен басшылардың дауысын клондау сияқты қауіптерді;
- ұйым туралы ақпаратты автоматтандырылған жинау тәсілдерін;
- мінез-құлықтағы аномалияларды анықтауда AI қолдануды;
- оқиғаларды басымдық бойынша жіктеуді және инциденттерді тергеуге AI көмегін пайдалануды үйренеді.


Сонымен қатар қатысушылар жалған хабарламаларды процесс пен контекст арқылы анықтауды,AI-агент-аналитикке арналған жүйелік промптты және оқу мақсатындағы оқиғалар журналын талдауды тәжірибеде қарастырады.
Воркшопта корпоративтік деректердің ашық нейрожелілерге жіберілуінен туындайтын қауіптерге, prompt injection,ұйым ішіндегі «көлеңкелі AI» қолдануға және «адам бақылауында» (human-in-the-loop) қағидатына ерекше назар аударылады.
Іс-шара соңында қатысушылар «Ұйымның бір беттік AI саясаты» атты чек-парақты толтырып, практикалық кейстерді талдай алады және спикерге өз сұрақтарын қояды. Воркшоп қорытындысы бойынша қатысушыларға дайын материалдар, AI-агент-аналитикке арналған жүйелік промпт және жасанды интеллектті ұйым ішінде қауіпсіз қолдану бойынша ұсыныстар беріледі.


Спикер Роман Пономарёв — «Mango Development» ЖШС ақпараттық қауіпсіздік инженері. Қосымшалар архитектурасын қорғау, код аудиті және осалдықтарды талдау саласының сарапшысы. Red Bull Basement бағдарламасына арналған SCAMOFF антифишингтік жобасының авторы. Сонымен қатар цифрлық криминалистика және веб-инфрақұрылымды кешенді қорғау бағытында тәжірибесі бар.

📅 23 қыркүйек 2026 жыл | 16:00
📍 Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 107
Іс-шара кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге, цифрландыру және IT мамандарына, сондай-ақ ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге арналған.

 

Қосымша ақпарат:
Нурмуханова Рысты Қойшыбайқызы
📞 +7 707 304 03 25
📧 [r.nurmukhanova@astanahub.com]

 

24 августа 2026
GovTech саласында жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары

Жасанды интеллект мемлекеттік сектордың жұмыс істеу тәсілдерін өзгертіп келеді. Ол мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бастап, деректерді талдау мен шешім қабылдау процестеріне дейін түрлі бағыттарға енгізілуде. Алдағы жылдары GovTech қалай дамиды және бұл үдерісте жасанды интеллект қандай рөл атқарады?
25 тамыз күні Semey Hub алаңында спикер Владислав Набокамен бірге «GovTech саласында жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» атты жабық практикалық воркшоп өтеді.
Іс-шара барысында қатысушылар:
GovTech ұғымымен және оның дамуындағы жасанды интеллектінің рөлімен;
Қазақстанда қазірдің өзінде қолданылып жүрген AI-сервистермен;
жасанды интеллектінің мемлекеттік қызметтерді өзгерту мүмкіндіктерімен;
2030 жылға дейін негізгі технологияларға айналуы мүмкін шешімдермен;
AI қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерімен;
жасанды интеллектіні енгізуге арналған өз идеясын бағалау тәсілдерімен танысады.
Воркшоптың практикалық бөлімінде қатысушылар өз ұйымдары үшін «AI-инициатива паспортын» әзірлеп көреді. Практика барысында процесті таңдаудан бастап, нақты міндетті анықтау және жасанды интеллектіні енгізуден күтілетін нәтижені бағалауға дейінгі кезеңдер қарастырылады.
Іс-шара Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен Semey Hub арасындағы өңірдің IT және цифрлық экожүйесін дамыту бағытындағы өзара байланысты нығайтуға арналған арнайы бағдарлама аясында өтеді.
Күні: 25 тамыз 2026 жыл
Уақыты: 16:00
Форматы: офлайн, жабық іс-шара
Өтетін орны: Semey Hub

24 августа 2026
Golang + AI: әзірлеуге алғашқы қадам

Бағдарламалауды байқап көргің келеді, бірақ неден бастарыңды білмейсің бе? Ендеше, бұл воркшоп — алғашқы қадамыңды жасауға тамаша мүмкіндік!

26 тамыз
15:00

Воркшоп барысында full-stack әзірлеуші Данил Калайдамен бірге:
Go деген не және код қалай құрылғанын;
деректер базасымен жұмыс істеу негіздерін;
код жазу және тапсырмаларды шешуде AI-ды қалай қолдануға болатынын;
алғашқы жобаны нөлден бастап қалай жасау керектігін қарастырамыз.

Бұл тек теориямен шектелмейді — Go тілін орнатып, нейрожелі көмегімен қарапайым деректер базасын құрамыз және алғашқы кодымызды жазып көреміз.

Егер бұрын бағдарламалаумен айналыспаған болсаң да, қатыса аласың! Барлығын нөлден бастаймыз.

Ұйымдастырушылар: Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен Astana Hub-тың өңірлік филиалы — Semey Hub, Astana Hub резиденттері Mango Development және Tomorrow School Semey бірлесіп ұйымдастырады.

Semey Hub жаңалықтарын бақылап, бізге қосылыңыз! 

#SemeyHub #AstanaHub #Golang #AI #IT #Бағдарламалау #ЖасандыИнтеллект #АбайОблысы #MangoDevelopment #TomorrowSchool

14 августа 2026
«Қазақстан AI-Native өңірлерге көшуде: Smart City / Smart Region құрудың жаңа әдістемесі бекітілді»

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Smart City / Smart Region құру жөніндегі Әдістеменің жаңа редакциясын бекітті. Құжат жасанды интеллект, деректер және заманауи цифрлық технологиялар негізінде өңірлерді цифрлық трансформациялаудың бірыңғай тәсілдерін айқындайды.

Жаңартылған Әдістеме Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленіп, жекелеген цифрлық жобаларды іске асырудан аумақтарды басқарудың бірыңғай интеллектуалды жүйесін, яғни AI-Native cities & regions моделін қалыптастыруға көшуді көздейді. Бұл модельде жасанды интеллект, деректер және цифрлық технологиялар мемлекеттік басқарудың негізгі негізіне айналады.

Әдістемедегі негізгі жаңашылдықтардың бірі жобаларды бірыңғай архитектуралық және функционалдық талаптар негізінде іске асыруға көшу болып табылады. Бұл ақпараттық жүйелердің қайталануын болдырмауға, олардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз етуге, әзірлеу және сүйемелдеу шығындарын азайтуға, сондай-ақ өңірлердің бірыңғай цифрлық контурын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Міндетті бастамалар тізімі де едәуір кеңейтілді. Көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қоғамдық қауіпсіздік салаларындағы базалық жобалармен қатар, Әдістемеге цифрлық дамудың жаңа бағыттары енгізілді:

- ұшқышсыз авиациялық жүйелердің (ҰАЖ) инфрақұрылымы;

- әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын интеллектуалды мониторингтеу;

- цифрлық инфрақұрылымы бар қос мақсаттағы тіректер;

- білім беру ұйымдарында интернеттің қолжетімділігін бақылау;

- мәслихаттардың қызметін цифрландыру;

- өңірлік IT-хабтар мен аудандық IT-орталықтарды дамыту.

Сонымен қатар «ақылды» аялдамаларды, цифрлық музейлер мен кітапханаларды, 3D/VR турларды, сондай-ақ автомобиль жолдарының сапасын мониторингтеу жүйелерін енгізу көзделген.

Аумақтарды басқаруда жасанды интеллектіні қолдануға ерекше көңіл бөлінеді. Өңірлік талдау орталықтары, Data Lake және интеллектуалды сервистер оқиғаларға әрекет етуден оларды алдын ала болжауға және деректер негізінде шешім қабылдауға көшуге, осылайша өңірлерді басқарудың AI-Native моделін енгізуге мүмкіндік береді.

Жаңа Әдістеменің бекітілуі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыру және еліміздің заманауи цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыру жолындағы маңызды кезең болып табылады. Құжат өңірлер арасында үздік шешімдерді масштабтауға, интеллектуалды қалалар мен өңірлерді дамытуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға негіз болады.

Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Әдістеме талаптарын практикалық іске асыруға және Қазақстан Республикасының барлық өңірінде AI-Native cities & regions бірыңғай моделін енгізуге кіріседі.

 

13 августа 2026
3D әлеміне алғашқы қадамыңды жаса!

Өз идеяларыңызды 3D кеңістігіне айналдырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін практикада қолдануды үйренгіңіз келе ме?

Оқушыларды, студенттерді, жас дизайнерлерді және цифрлық шығармашылыққа қызығушылық танытатын баршаңызды «3D-модельдеу және жасанды интеллект» практикалық буткемпіне шақырамыз! 

2 апта ішінде сіз:
— AI көмегімен анықтамалар мен тұжырымдамалар жасайсыз;
— тиімді өнеркәсіптік құрастыруды үйренесіз;
— қарапайым 3D модельдер жасайсыз;
— Blender бағдарламасында материалдармен, жарықтандырумен және камерамен жұмыс істейсіз;
— өз идеяңызды дайын 3D визуализацияға айналдырасыз.

Бағдарлама соңында әр қатысушы өз жобасын жасап, оның толық визуализациясын ұсынады.

Ұзақтығы: 2 апта / 12 күн
Қатысушылар жасы: 14 жастан бастап
Өтетін орны: Глинки, 20А

3D әлеміне алғашқы қадамыңызды жасаңыз және жасанды интеллект арқылы өз идеяларыңызды жүзеге асырыңыз! 

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Орын саны шектеулі!

12 августа 2026
«3D-модельдеу және жасанды интеллект» практикалық буткемпі

Заманауи технологиялар мен цифрлық шығармашылыққа қызығатын мектеп оқушыларын, студенттерді, жас дизайнерлерді және барлық ниет білдірушілерді «3D-модельдеу және жасанды интеллект» практикалық буткемпіне шақырамыз!

Екі апталық оқу барысында қатысушылар жасанды интеллект көмегімен идея әзірлеуден бастап, Blender бағдарламасында толыққанды 3D-визуализация жасауға дейінгі жұмыс үдерісін меңгереді.
Буткемп теориялық білімнен гөрі тәжірибеге бағытталған: әрбір қатысушы өз идеясын нақты цифрлық жобаға айналдырады.

Қатысушылар заманауи AI құралдарымен жұмыс істеуді, сапалы промпттар құрастыруды, референстер мен визуалды концепттер жасауды үйренеді. Сонымен қатар жасанды интеллект арқылы қарапайым 3D-модельдер дайындап, оларды Blender бағдарламасына енгізу жолдарымен танысады.

Оқу бағдарламасы Blender-дің негізгі құралдарын меңгеруді, материалдармен және жарықпен жұмыс істеуді, көріністі баптауды, камера орналастыруды және қорытынды рендер жасауды қамтиды.

Буткемп соңында әр қатысушы AI көмегімен әзірленген референстерден, дайындалған 3D-модельден, Blender-де бапталған көріністен және қорытынды визуализациядан тұратын жеке жобасын таныстырады.

Бағдарламаны аяқтаған қатысушылар жасанды интеллектіні 3D-дизайнда қолданудың базалық дағдыларын меңгеріп, идеядан дайын нәтижеге дейінгі 3D-контент жасау үдерісі туралы толық түсінік қалыптастырады.

Буткемп туралы ақпарат:
* Өтетін мерзімі: 17–29 тамыз 2026 жыл
* Басталу уақыты: 14:00
* Ұзақтығы: 2 апта, 12 оқу күні
* Қатысушылардың жасы: 14 жастан бастап
* Өтетін орны: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А
* Форматы: практикалық офлайн буткемп
* Қолданылатын бағдарламалар: Blender және кескіндер мен 3D-модельдерді генерациялауға арналған заманауи AI құралдары

Идеяңызды цифрлық кеңістікке шығарып, алғашқы 3D-жобаңызды жасау мүмкіндігін пайдаланыңыз!
Ұйымдастырушылар: Абай оьылысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен Semey hub және Shakarim University

03 августа 2026
Абай облысының цифрлық әлеуеті Creative Aimaq республикалық алаңында таныстырылды

Астана қаласында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған «Тұңғыштар мекені – киелі Абай елі» көрме-жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара бір алаңда халық қолөнерін, бейнелеу өнерін, өңірлік брендтерді, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы озық әзірлемелер мен жобаларды біріктірді.

Өңірдің цифрлық бағытын таныстыру мақсатында Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы Abai IT технопаркінің резиденттерін іріктеп ұсынды.

Көрмеде келесі жобалар таныстырылды:
— Jidek.kz — жұмыспен қамту және еңбек нарығын талдау саласындағы цифрлық платформа;
— Soz.lab — 5–7 жас аралығындағы балалардың сөйлеу бұзылыстарын ерте анықтауға және түзетуге арналған AI-платформа;
— SanEduPortal — жұмыстан қол үзбей онлайн форматта міндетті гигиеналық оқытудан (санминимум) өтуге арналған заманауи цифрлық платформа;
— Q-Ray Vision — фишингтік сілтемелердің жергілікті базасы бар отандық антивирус;
— Bekonai Toys — экопластиктен 3D-баспа әдісімен дайындалған ұлттық нақыштағы ойыншықтар;
— Solar Semey — күн электр станцияларын жобалау және толық орнату қызметі (Solar Asia компаниясының ресми инсталляторы);
— Mango Development — экономиканың 10 саласында 25-тен астам жобаны жүзеге асырған бизнеске арналған цифрлық өнімдерді әзірлеуші компания.

Көрмеге келушілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Abai IT резиденттерінің интерактивті экспонаттарына ерекше қызығушылық танытты. Mango Development компаниясы өздерінің ойын әзірлемелерімен қатар, нағыз ақын мен AI-ақынның айтысуына мүмкіндік беретін «Айтыс» жобасын таныстырды. Бұл жоба қазақтың дәстүрлі өнері мен заманауи технологиялардың үйлесімін айқын көрсетеді.

Сондай-ақ ұлттық музыкалық аспап — жетігенде күй орындайтын робот көпшіліктің назарын аударды. Бірегей жобаның авторы — Abai IT резиденті Бақытбек Нұрлыбекович Орынбаев.

«Тұңғыштар мекені – киелі Абай елі» көрме-жәрмеңкесіне қатысу Абай облысының технологиялық қауымдастығының талантты әзірлеушілерді, кәсіпкерлерді, студенттер мен түлектерді біріктіретінін және олардың бәсекеге қабілетті цифрлық өнімдер жасап жатқанын республикалық деңгейде көрсетуге мүмкіндік берді.

Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына және Creative Aimaq республикалық жобасының ұйымдастырушыларына сенім білдіріп, өңірдің технологиялық әлеуетін республикалық деңгейде таныстыруға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдіреді.

03 августа 2026
Жасанды интеллект – бизнестегі жаңа мүмкіндіктердің кілті!

5 тамыз күні Semey Hub алаңында кәсіпкерлерге, стартаптарға және цифрлық технологияларға қызығушылық танытатын мамандарға арналған «Стартап мысалында менеджментке арналған ЖИ: жеке көмекшіден ЖИ-агенттер жүйесіне дейін» тақырыбында практикалық воркшоп өтеді.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллектті күнделікті жұмысқа енгізудің тиімді тәсілдерімен танысып, ЖИ-агенттердің мүмкіндіктерін, бизнес-процестерді автоматтандыру жолдарын және нақты кейстер негізінде заманауи цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесін меңгереді.
Күні: 5 тамыз
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Semey Hub
Цифрлық трансформация – бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы. Заманауи технологияларды бірге меңгерейік!
#SemeyHub #AstanaHub #AI #ЖасандыИнтеллект #Цифрландыру #Кәсіпкерлік #AbaiDigital #АбайОблысы

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы