GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
13 октября 2026
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-драматург, қоғам қайраткері Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 80 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласына келді.

Облыс әкімдігінің қолдауымен мерейтойға орай қаламызда қаламгермен кездесу кеші, «Майдан әндері» театрландырылған қойылымы және тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады.

Қаламгердің шығармашылығын ұлықтап, руханиятқа тағзым ететін тағылымды кездесулер Семейдің әдеби-мәдени өміріне ерекше мән бермек.

08 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙДЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Абай облысының орталығы – Семей қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, көрнекті жазушы, абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиетіндегі көркем ойлау жүйесі және Тұрсын Жұртбайдың шығармашылық даралығы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Алқалы жиынға Қазақстан, Түркия және Өзбекстаннан әдебиеттанушы, тарихшы ғалымдар, абайтанушылар мен алаштанушылар, зиялы қауым өкілдері, жас зерттеушілер жиналды.

Конференция жұмысына Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, пленарлық мәжілісте сөз сөйледі. Өңір басшысы Тұрсын Жұртбайдың қазақ ғылымы мен ұлттық руханиятына қосқан үлесі зор екенін атап өтті.

Пленарлық мәжілісте отандық және шетелдік ғалымдар баяндама жасап, Тұрсын Жұртбайдың қаламгерлік және зерттеушілік мұрасын әр қырынан зерделеді. Баяндамаларда қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері, Алаш мұрасын зерттеу, қаламгердің авторлық стилі мен шығармашылық даралығы, көркем ойлау жүйесі мен шығармашылық психологиясы кеңінен сөз болды.

Конференция аясында профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұлт ақыны. Мағжан Жұмабайдың шығармашылық өмірбаяны» және «Өлгендермен өмір сүремін» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Мерейтой иесі халықаралық конференцияны ұйымдастырушыларға өз ризашылығын жеткізді

01 октября 2026
«ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК»

«ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК» Абай облысында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтуде. Пікірсайыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін, дәлелді пікір білдіру дағдыларын, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін және командалық жұмыс қабілетін дамыту. Турнирге Абай облысының мемлекеттік қызметшілерден құралған жалпы 16 команда қатысуда. Пікірсайыстың алғашқы күні қатысушы командалар өзара сынға түсіп, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғады. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 4 команда жарлытай финалға жолдама алды.

Архив ісі
01 октября 2026
Абай облысы Қарағанды қаласында архив ісі және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша өткен өңірлік семинарға қатысты

Ағымдағы жылғы 29–30 қыркүйекте Қарағанды қаласында Абай, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының қатысуымен «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер», ««Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге үйрету» тақырыптарында өңірлік семинар өтті.

Абай облысынан аталған іс-шараға 30 адамнан құралған делегация қатысты. Олардың қатарында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы, мемлекеттік архивтердің басшылық құрамы мен қызметкерлері, сондай-ақ Абай облысының жинақтау көздері тізіміне енгізілген ұйымдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің қызметкерлері болды.

Семинардың негізгі мақсаты – архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама нормалары мен нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, оларды жұмыста практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлері мен архившілердің біліктілігін арттыру.

Аталған іс-шара тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды. Семинар барысында қатысушылар архив ісі саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша білімдерін жетілдірді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне және ҚарЛАГ-қа шығу экскурсиялары да ұйымдастырылды.

24 сентября 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінен

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
 
«Осыған дейін бірнеше мәрте айтқанмын: ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.
 
Бұрын болжаммен, долбармен ғана айтылатын жағдай қазір шындыққа айналды.
 
Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Әсіресе, жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады.
 
Ана тіліміз мемлекеттік тіл ретінде сұранысқа ие, ұлттық мәдениетімізді, болмысымызды шырайлы да шұрайлы туған тіліміз арқылы көрсетеміз. Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды.
 
Мұның бәрі – толеранттық пен сенімге негізделген ортақ жұмыстың нәтижесі.
 
Алайда бұл басқа тілдерден бас тарту керек дегенді білдірмейді, әрі оларды шеттетуге құқық бермейді.
 
Өздеріңізге мәлім, Конституцияда тіліне, тегіне, ұлтына, дiни көзқарасы мен нанымына немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсітуге тыйым салынған.
 
Соған қарамастан ара-тұра кейбір тісқаққан арандатушылар әлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды.
 
Мына нәрсені түсінген жөн. Олардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның Егемендігіне нұқсан келтіру, елді бірліктен айырып, бейбіт, алаңсыз өміріміздің астаң-кестеңін шығару.
 
Расында олар балаларымыз бен немерелеріміздің бақытты болашағының тамырына балта шапқысы келеді.
 
Сондықтан құқық қорғау органдары мен тұтас қоғам бұған табанды түрде қарсы тұруы керек. Конституцияда бекітілген «Заң мен тәртіп» қағидатына сай әрекет етуіміз қажет».      

t.me/aqorda_resmi

22 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНА АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЕКІ ӨКІЛІ ЕНДІ

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Кеңес құрамына Абай облысынан төрт өкіл енсе, оның екеуі өңірдің мәдениет саласында қызмет етеді.

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына Абай облысы мәслихатының депутаты, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мерей Мейіртайұлы Қарт және «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Ирина Анатольевна Соловьёва енді.

Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган. Кеңестің мақсаты – мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу арқылы Қазақстан халқының мемлекеттік басқару саласындағы мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету. Қазақстан Халық Кеңесіне заңнамалық бастама құқығы да берілген.

Өңірден Кеңес құрамына сондай-ақ қоғам қайраткері Нұртай Салихұлы Сабильянов пен Абай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры Думан Рымғалиұлы Орынбеков енді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Кеңестің алғашқы сессиясы 2026 жылғы 23–24 қыркүйекте Астана қаласында өтеді.

07 сентября 2026
«БІРГЕ» — жаңа маусымның бастауы

Семейдегі бір шаңырақ астында шығармашылық жолын тоғыстырған үш театр жаңа театр маусымын «БІРГЕ» атты мерекелік кешпен бастады.

Жаңа маусымның шымылдығын ашқан тағылымды кешке өнерсүйер қауыммен қатар, арнайы шақырылған қадірлі қонақтар қатысты. Салтанатты шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Раханов қатысты.

Кеш барысында әр театрдың жаңа маусымға дайындаған репертуары таныстырылып, көрерменге алдағы кезеңдегі спектакльдер мен шығармашылық жобалардан үзінділер ұсынылды.

Сонымен қатар театр ұжымдарының қатарына жаңадан қосылған жас артистер таныстырылды. Бұл – театр өнеріндегі буындар сабақтастығын жалғап, сахнаға жаңа есімдер мен тың шығармашылық леп әкелетін маңызды қадам.

«БІРГЕ» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп, театрлардың жаңа маусымына көтеріңкі көңіл күймен жол ашты.

04 сентября 2026
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы қорытындыланды

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – татулық туы» фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның қазақстандық қоғамның бірлігін нығайтудағы рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

          Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдегі жарнама мәтіндерін сауатты ресімдеуді насихаттау, көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тіл нормаларының сақталуына назар аудару, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау мәселесін кеңінен түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру.

          Байқау қорытындысы бойынша «Үздік көрнекі ақпарат» номинация бойынша Семей қаласының «Шығыс Бройлер» ЖШС; «BARQY» қымызханасы; «BAYRIM» жылдам тамақтану кафесі және Жарма ауданының «SANYRAQ» шеберханасы марапатталды.

          «Үздік ұлттық нақыштағы атау» номинациясы бойынша Ақсуат ауданының «Қара шаңырақ» дәмханасы және Жарма ауданының «Томпақ» балалар ойын-сауық орталығы жеңімпаз атанды.

          Номинация жеңімпаздарының әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

          Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және тіл мәдениетін қалыптастыруға белсенді үлес қосып жүрген азаматтар «Тіл жанашыры» номинациясымен марапатталды.

          Аталған номинация бойынша Аягөз ауданының «Мөлдір сана» газетінің меншікті тілшісі Нұрлы Ермекқызы Амантаева; Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі Манарбек Сатыбалды; жазушы, журналист Қадыр Бақытбек; Абай облысы лингвистикалық орталығының ағылшын тілі оқытушысы Абай Нұржанұлы; Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №12 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Балауса Рақымбердіқызы Қонысбаева; Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Мейрамгүл Оралбекқызы Маханбетова; Семей қаласының «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Айнагүл Уәзірханқызы Жамбыраева; Семей қаласының Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Бауыржан Бақытбекұлы Шәріпханов марапатталды.

          «Тіл жанашыры» номинациясының әрбір жеңімпазына 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

          Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – ортақ міндет. Сауатты жарнама мен сапалы көрнекі ақпарат – мемлекеттік тілге деген құрметтің және тіл мәдениетінің маңызды көрсеткіші.

          Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы байқауға белсенді қатысып, мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.

03 сентября 2026
Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аясында өтетін іс-шаралар
31 августа 2026
Абай облысының лингвистика орталығының директоры Қуандық Кенжебекұлы «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

 

          2026 жылғы 28 тамызда Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ұлытау облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл саясаты: ғылым және креативті индустрия» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.

          Семинар-кеңес барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және тіл мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға марапаттар табысталды.

          Солардың қатарында Абай облысының лингвистика орталығының директоры Қуандық Кенжебекұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

          Аталған төсбелгі – қазақ тілін дамыту мен дәріптеуге, мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданысын кеңейтуге және тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі еңбекті бағалайтын ведомстволық марапат.

          Қуандық Кенжебекұлын жоғары марапатымен құттықтаймыз!

          Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, қазақ тілінің дамуына қосар үлесіңіз арта берсін!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы