Өрт туралы хабарлау

Өрт туралы хабарлау

Әр өрттің соңы, көбінесе өрт туралы хабар қай уақытта хабарланғаны және адамдардың өртеніп жатқан ғимараттан дер кезінде құрқаруына байланысты. Өртті байқаған кезде, өрт енді жанып жатса немесе маңызсыз көлемді алса өрт сөднірушілер келгенше өз күшіңізбен қол астындағы құралдармен сөндіруіңіз керек.

Өрт сөндірушілер жылдам келсе, өрт тезірек сөндіріледі, қауіп төніп тұрған адамдарға ертерек көмек көрсетіледі.

Телефон арқылы хабар бергенде өрт туралы толық ақпарат беруіңіз қажет, өрт шығу орны, сыртқы сипаты, қалай жету керек екендігі, өз тегіңізді, егер телефон боса нөмірін хабарлауыңыз қажет. Мысалы, «Өрт Бородулиха ауылында, Коммунистическая көшесі 5 үйде, жеке меншік үйдің төбесі өртеніп жатыр. Терезелерінен қатты түтін шығуда. Ішінде сырқат адам қалып қойды. Хабарлаған Қалиева, телефон 2-19-39». Телефон байланысы жоқ кезде, тезірек жақын жердегі көлік жолына бір адамды жіберу қажет. Ол өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, оған жайды айтып, автокөлік иесінің тегімен, автокөлік нөмірін жазып алу керек.

Өрт сөндірушілерді өз күшіңізбен өртті сөдіргеннен де кейін шақыру керек, өйткені от жасырын орындарда қалып қоюы мүмкін. (ағаш қоршауларының ортасында, еден астында және т.б.) ол біраз уақыттан кейін қайта лаулап, өрт одан да үлкен көлемде жануы мүмкін. Сондықтан өрт орны міндетті түрде өрт сөндіру мамандарымен қаралуы қажет. Тек солар ғана өрттің толық өшуін айта алады.

Бородулиха ауданы ТЖБ