«Барлығы - рақметке»

Петропавловка ауылдық округінде «Бастау» және «Светлана» дүкендерінде «БАРЛЫҒЫ - РАҚМЕТКЕ» деген сөрелері ашылды, онда қамқор сатып алушылар мұқтаж адамдарға өнімдерін қалдырды. Бұл акцияға округымыздың барша тұрғындары тұрақты түрде жалғастырып сөрелерді бос тұрмайтының сенімдіміз!
Бұл бастама халықтың барлық мұқтаж және осал топтарына, аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге көмек көрсетуге бағытталған. Осы санаттағы кез келген адам дүкенге кіріп, барша мейірімді жандарға «РАҚМЕТ» деп қана алғыс білдіріп, өзіне қажетті өнімдерді ала алады.