Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен пікір алмасу үшін алаң ұйымдастыру

«Shygys - Adaldyq alany» жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Borodyliha – Adaldyq alany» кеңселік жобасының жетекшісі жергілікті қауымдастық өкілдерімен пікір алмасу үшін WhatsApp арқылы онлайн алаңда болды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) Сайлау және медиаторлар тізілімінде болу мерзімін ұзарту;
2) Округ көшелеріне атаулар беру және қолданыстағыларын қайта атау;
3) Әртүрлі.
Бірінші мәселе бойынша қазіргі медиатор Роза Бекетайқызы Асылбекованың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Екінші мәселе бойынша келесі көшелерді қайта атау ұсынылды:
- Бородулиха ауылындағы Пионерская көшесін Абылай хан немесе Песчанная; Октябрьская көшесін Приозерная немесе Кеңес Одағының Батыры Капорин есімімен;
- Успенка ауылындағы Отдельная көшесін Тәуелсіздік көшесіне.
- Знаменка ауылында екі көшенің атауы болмаған. Тұрғындардың талқыға салуы бойынша Бейбітшілік және Абай көшелері деп атау ұсынылды.
Сондай-ақ басқа да маңызды мәселелер айтылды.
Бородулиха ауданы әкімінің кеңесшісі, «Бородулиха – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Темірлан Асылжанұлы Әскенов.