Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына қоғамдық бақылау жүргізу

«Shygys - Adaldyq alany» жоспарын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 15 қарашада «Borodyliha – Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Т.А.Әскенов Бородулиха ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында, Бородулиха ауылында және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне мониторинг жүргізді.
- Халыққа қызмет көрсету орталығында 5 адам жұмыс істейді;
- Техникалық жағдайы қанағаттанарлық;
- Тізілімге сәйкес 687 кем қызмет көрсетіледі;
- Пандус және бейімделу ҚНжЕ стандарттарына сәйкес келеді;
- Күніне орта есеппен 80 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Ауылдық округ әкімдіктерінде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы күн сайын 15-60 аралығында мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі жалғасуда.
Бородулиха ауданы әкімінің кеңесшісі, «Бородулиха–Адалдық алаңы» кеңселік жобасының жетекшісі Темірлан Асылжанұлы Әскенов.