Биыл Тәуелсіз Республикамызға 30 жыл толады

Биыл Тәуелсіз Республикамызға 30 жыл толады. Біздің Отанымыздың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан көптеген атақты ғалымдар мен профессорлар бар. Бүгін біз әр ауданға, округке, ауылға және қалаға «ҚАЖЕТ» деген сөзден қорықпай, жұмысы өте маңызды және пайдалы болып табылған, әлі күнге дейін сондай маңызды болып келген және де алдағы уақытта да қажетті болып қала беретін көрінбейтін майданның жауынгерлері қоғамдық жұмысшылар туралы айтқымыз келеді.
Күлзира Жарғақова мен Назира Сарсинбинова (егіз апалы - сіңіл) 1961 жылдың 15 ақпанында Бек-Карьер ауылында дүниеге келген. Мектептен шыққаннан кейін, училищеге түсіп, тігінші -маторист мамандығын алды. 1977 жылы олар Белағаш ауылындағы Бек-Карьер ауылынан қоныс аударды. Мамандық бойынша ауылда жұмыс болмағандықтан, Загодзерноға жұмысқа тұрған. 1997 жылдан бастап Белағаш ауылдық әкімдігіне қоғамдық жұмыстарға орналасып, 23 жылдай округті абаттандыру үшін еңбек етті, дәл осы жерден өткен жылдың тамызында зейнеткерлік демалысқа шықты. Күлзира мен Нәзира балаларын тәрбиелеп өсірді, қазіргі таңда немерелері бар. Олар өз жұмысына адалдықпен қарады, ауа райы жағдайына қарамастан олар округті абаттандырумен айналысты. Жазда, ыстық ауа райында олар шөп жұлып, аумақты қоқыстардан тазартып, ағаш көшеттерін суаруға мәжбүр болды. Күзде және ерте көктемде олар су тасқынына қарсы шаралармен айналысты, арықтарды ашу жұмыстарын жасады, қыста қарды да тазартты.
23 жыл бойы кез келген ауа райында округті абаттандыру және көркейтумен айналысқан екі нәзік әйел үлкен құрметке ие болды. Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты олардың Отанымыздың игілігі үшін талай жылдар бойында көрсеткен баға жетпес үлесі, белсенділігі және адал еңбегі үшін ризашылығын білдіреді. Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, жақсы көңіл күй және зейнеткерлік демалыста одан әрі табыс тілейміз!