Қоғамдық-саяси сала:
Бородулиха ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, рұқсат етілмеген бейбіт жиналыстар тіркелмеген.
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу және халықтың наразылығын тудыруы мүмкін жүйелі мәселелерді шешу үшін алдын алу шараларының кешенін қабылдауда.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бородулиха ауданының жалпы халық саны – 32 048 адамды құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 596 адамға немесе 1,8%-ға аз. Оның ішінде:
Қазақтар – 43%
Орыстар – 46%
Немістер – 5,8%
Татарлар – 2%
Украиндар – 1%
Шешендер – 1%
Әзірбайжандар – 0,14%
Армяндар – 0,03%
Басқа ұлттар – 1,5%
- Ішкі саясат бөлімі күн сайын әрбір ауылдық және кенттік округтегі қоғамдық-саяси жағдайды бақылауды жүзеге асырады. Ауданда қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына әсер ететін әрекеттер байқалмаған. Жалпы, ауданның әлеуметтік-экономикалық, саяси және діни жағдайы тұрақты. Сонымен қатар, ішкі саясат бөлімінің және SMM-бөлімінің мамандары күнделікті әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарын бақылап отырады. Ауданға қатысты сыни және жағымсыз материалдар анықталған жағдайда, дереу шаралар қабылданады. Сыни материалдар тиісті органдарға жіберіліп, олардың себептерін жою және түсініктемелер беру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
- Бородулиха ауданында «Бородулиха ауданының Достық үйі» КМКК жұмыс істейді, ол этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізеді: 1 қазақ мәдени бірлестігі, 5 этномәдени бірлестік (татар, украин, беларус, 2 орыс), 2 филиал – неміс «Возрождение» ЖШС, «Абай облысының Татар қоғамдық орталығы» (тіркелген). Сондай-ақ, украин тілі үйірмесі жұмыс істейді. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Новопокровка орта мектебінде татар тілін оқыту сағаттары қалпына келтірілді, оқытушы – Давлетшина Н.А.
Қоғамдық құрылымдар:
Ақсақалдар кеңесі – 1 аудандық және 18 ауылдық
Аналар кеңесі – 1 аудандық және 18 ауылдық
«Ассамблея жастары» жастар қозғалысы
Еріктілер қозғалысының орталығы
Жастар кеңесі – 1 аудандық және 18 ауылдық
Ауданда 3 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) және 1 қоғамдық бірлестік (ҚБ) тіркелген:
- ҮЕҰ «Тұтынушылар құқығын қорғау «Бастама» (тұтынушылар құқығын қорғау бағыты).
- ҚБ «Бородулиха ауданы Новопокровка ауылының ерікті өртке қарсы құрылымы» (өртке қарсы іс-шаралар бағыты).
- ҚБ «Елге Аман» (қайырымдылық қызметімен айналысады).
- ҮЕҰ «Орман шаруашылығын бірлесіп басқаруды дамытуға жәрдемдесу «Жасыл Орман» (орман шаруашылығын көгалдандыру бағыты) – қызметі уақытша тоқтатылған.
Сонымен қатар, ауданда 5 қоғамдық бірлестіктің филиалдары жұмыс істейді:
- Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының «Бородулиха аудандық филиалы» (ардагерлердің мүддесін білдіреді).
- «Бородулиха аудандық комитеті» филиалы – Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Семей аймақтық ұйымы (кәсіподақ).
- «АMANAT» партиясының «Бородулиха аудандық филиалы» (партия мүддесін білдіреді).
- Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігінің «Бородулиха аудандық өкілдігі» (депутаттар мүддесін білдіреді).
- «ЖГОК кәсіподағы» – Қазақстан салалық тау-кен металлургия кәсіподағы «QAZAQMETAL KASIPODAGY»филиалы (өнеркәсіп қызметкерлерінің мүддесін білдіреді).
- «ШҚО Татар қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің Бородулиха филиалы (татар бірлестіктерінің мүддесін білдіреді).
- Неміс қоғамдық бірлестігі «Возрождение» Бородулиха филиалы (неміс бірлестіктерінің мүддесін білдіреді).
Ауданның ақпараттық кеңістігі:
1 аудандық газет – «Жаңа уақыт – Новое время»
3 белсенді әлеуметтік желі (Instagram, Facebook, WhatsApp)
Жастар саясаты саласы:
- Бородулиха ауданында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 7 129 адам, бұл аудан халқының 25%-ын құрайды. Жастарды қолдау мақсатында ауданда «Жастар практикасы», «Жасыл Ел», «Дипломмен – ауылға!» әлеуметтік бағдарламалары жүзеге асырылуда. Жыл сайын жастар әлеуметтік маңызды істерге қатысу арқылы волонтерлер қатарын толықтыруда.
Дін істері саласы:
- Ауданда 16 діни бірлестік тіркелген, оның ішінде:
6 мешіт
4 православие шіркеуі
1 Рим-католиктік шіркеу (Святая Анна шіркеуі)
4 Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі
1 Христиандық евангелиялық сенім шіркеуі «Преображение» (Новая жизнь)