2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 32,1 мың адамды немесе облыс халқының 5,3% (Абай облысы – 602,9 мың адам) құрады, 599 адамға (2024 жылдың 1 қаңтарына - 32,6 мың адам) қысқарды.
Ауданның әкімшілік бөлінісі: 17 ауылдық округ, 1 кенттік округ, 1 кент және 48 ауыл.
2024 жылы қолданыстағы бағамен өнеркәсіп өнімдерін (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру көлемі 66189,7 млн.теңгені (2023 жылы – 65002,7 млн. теңге) құрайды, бұл өткен жылдың тиісті деңгейіне 101,8% – (НКИ-91,0%) құрады.
- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 57994,7 млн. теңге (НКИ – 91,1%);
- өңдеу өнеркәсібі - 4705,2 млн. теңге (НКИ – 86,6%).
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 79290,4 млн.теңгені (НКИ – 109,4%), оның ішінде: мал шаруашылығы -15846,5 млн. теңге (НКИ – 101,9%) және өсімдік шаруашылығы - 63442,4 млн. теңге (НКИ-119,0%) құрайды.
2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 41552,2 млн. теңгені, НКИ – 117,7% (2023 жылы – 35083,3 млн. теңге) құрайды, бұл Абай облысының жалпы инвестициялар көлемінің 7,2% құрайды.
2024 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 11314,7 млн.теңгені (2023 жылы – 13782,5 млн. теңге) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,1% (НКИ – 79,5%) құрады.
Көтерме сауда айналымының көлемі 2024 жылы 3072,4 млн. теңгені құрайды, НКИ 141,9%, өсу қарқыны – 137,7%.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2024 жылы 13896,7 млн.теңгені, НКИ 90,0%, өсу қарқыны – 95,0% (2023 жылы – 14633,5 млн. теңге) құрайды.
2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1527 бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 98,5% құрайды.
Аудан бюджеті 2024 жылы өз кірістері бойынша 107,0%-ға орындалды, жоспар бойынша 3420,6 млн.теңге іс жүзінде 3661,0 млн. теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 924,5 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 133,8% құрады.
Аудан бойынша орташа айлық жалақы 325624 теңгені құрады, 2024 жылғы деңгейге қарағанда 44606 теңгеге немесе 115,9%- ға (2024 жылдың тиісті кезеңінде-281018 теңге) өсті.
Білім беру
Ауданның білім беру саласын жалпы 5002 оқушыны қамтитын 31 мектептен тұрады, мұнда: 25 орта мектеп (8 толық жинақты, 17 шағын жинақты), 4 негізгі, 2 бастауыш.
Сондай-ақ, 29 топ және 623 баланы құрайтын 3 балабақша (мемлекеттік тілде оқытатын 12 топта 248 бала, орыс тілінде оқытатын 17 топта 375 бала), 358 баланы қамтитын 14 шағын орталық бар. Мектепалды сыныптардағы балалар саны 378 баланы құрайды.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орта есеппен- 1 компьютерге 1 оқушыдан келеді.
Кең жолақты Интернетке 31 мектеп немесе 100% қосылған.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 30 нысан, оның ішінде 1 орталық аудандық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 медициналық пункт көрсетеді.
Өңірлік бағдарламалар нақты секторды, агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтарды, тұрғын үй құрылысын, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын дамытуға, шағын кәсіпкерлікті қолдауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, нашақорлыққа, есірткі бизнесіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған.