Бородулиха ауданында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Бородулиха ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылды. Комиссия төрағасы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Болатұлы Сапаров, облыстық ІІД Бородулиха ауданы жергілікті полиция қызметі төрағасының орынбасары, бөлім бастығы Руфат Азаматұлы Ксембаев, комиссия хатшысы __. Комиссия құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, Ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау органдарының, жұмыспен қамту, қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны-10 адам.