Меню

Страницы

Статья

Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді  ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.

Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңілетеді.

Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:

  1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі туралы ақпарат;
  2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.

Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібереалады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауыс алуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз.

Сервисті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту;
  • «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қолжетімділік беруге келген сұраусалуларды қарап шығу;
  • Мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұраусалуды қабылдамау;
  • Қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарыпалу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.

Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұраусалулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

 

Дата публикации
29 ноября 2024
Дата обновления
29 ноября 2024
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Информация
11 декабря 2025
Ветеринария
Информация
11 декабря 2025
Предпринимательство
Информация
11 декабря 2025
Образование

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы