Бородулиха ауданында бөлшек сауда салығы бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасын төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Бородулиха ауданында бөлшек сауда салығы бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының ставкасы салық кезеңі үшін алынған (алынуға тиіс) табыс бойынша 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Төраға
Бородулиха аудандық мәслихаты Урашева С.