⚡️«Жас жауынгер курсы» әскери-спорттық квесті өтті

🎈Балаларды қорғау күніне орай Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының 9-10 сынып оқушылары іс-шара өткізді.
4 жастан 15 жасқа дейінгі балалар түрлі жарыстарға қатысты. Саптық дайындық, арқан тарту, миналарды іздеу, АК-74 автоматын құрастыру, эстафета, пневматикалық мылтық ату, әскери алғашқы көмек көрсету жинағын құрастыруға қатысты.
Іс-шара “Ұлан” әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие орталығының базасында ұйымдастырылды.