⚡️Облыс оқушылары робототехникадан республикалық фестивальда жүлделі орындар алды

⚡️Облыс оқушылары робототехникадан республикалық фестивальда жүлделі орындар алды

Астана қаласында «RoboZerde 2024» І Республикалық робототехника фестивалі өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам оқушы қатысты. 10-18 жас аралығындағы балалардан құралған 100-ге жуық команда «Арқан тартыс», «Асық ату», «Ақсүйек», «Мерген» санаттары бойынша өзара бақ сынасты. Абай облысынан сегіз команда аттанды. Нәтижесі бойынша
Семей қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары Сұлтан Адильбек, Сырым Жұмағазы «Арқан тартыс» санатында 2-орын иеленді.
«Мерген» санатында 3-орынды Мейірлан Айтимов, Бекзат Базарбеков иеленді.

Айта кетейік, жарыс 11-12 мамыр күндері өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясының қолдауымен Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры ұйымдастырды.