⚡️СУРДО ТХЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОБЛЫС СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

⚡️СУРДО ТХЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОБЛЫС СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

⚪️Бішкекте есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында тхэквондодан әлем чемпионаты аяқталды. Абай облысы Политехникалық колледждің 3-курс студенттері Зурлана Неупокоева, Аяулым Женіспекова, Айбар Кайратулы жүлделі ІІІ орын иеленді.

Сурдотхэквондо - жазғы Сурдолимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Есту мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған таэквондо жарыстары Халықаралық тхэквондо федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жазғы немесе қысқы Сурдолимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарына, аймақтық чемпионаттарға және федерация мақұлдаған басқа жарыстарға тек есту мүмкіндігі шектеулі және нашар еститін спортшылар қатыса алады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 26-30 наурыз аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 20 елінен 190-нан астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасында 22 спортшы бақ сынады.