⚡️ БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ АУЫЛ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОНКУРС ӨТТІ

⚡️ БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ АУЫЛ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОНКУРС ӨТТІ

📚 Абай облысында «Үздік ауыл мұғалімі» облыстық конкурсы өтті. Конкурс ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын белсендіру, іс-тәжірибелерін таратуға жағдай жасау мақсатын алға тартты.

📍Өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шараға ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдарынан еңбек өтілі 5 жылдан кем емес 9 педагог қатысты.

Педагогтер конкурс шарты бойынша өздерінің кәсіби өсу картасы мен жетістіктерін, шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ әділқазылар алқасы мұғалімдер ұсынған педагогикалық тәжірибелер панорамасын бағалады. Бұдан басқа қатысушы педагогтер ашық диалог алаңында берілген жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, өздерінің шеберліктерін танытты.

Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық директорының міндетін атқарушы Айнур Исабаева:
Біздің облысымыздағы білім беру ұйымдарының 80%-ға жуығы ауылдық елді мекенде орналасқан. Сол мекемелерде қызмет етіп жатқан педагогтеріміз білім алушыға тек тәрбие мен білім үйретіп қоймай, бүкіл ауыл тұрғындарына үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беріп отыр деуге болады. Қазіргі күні облысымыздағы ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдарында 7000-ға жуық педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 0,3 % – педагог-шебер, 18,2 % – педагог-зерттеуші. Бұл, әрине, ойландыратын жағдай.



🖇️Биыл бірінші рет өткізіліп отырған конкурс педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал етуде, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтауда маңызы зор.

🏆Конкурс нәтижесі бойынша Аягөз ауданынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнаш Узбекова жүлделі 1-орын иеленді, 2-орынды Жарма ауданынан математика пәні мұғалімі Нурсейіт Оразақынұлы мен Семей қаласы информатика пәні мұғалімі Бессуднова Марина алса, 3-орын Бородулиха ауданындағы информатика пәні мұғалімі Николай Громов пен Үржар ауданы математика пәні мұғалімі Гаухар Жағалбаеваға бұйырды.

🔗
 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының ауыл мектептерін дамыту тапсырмасын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, «Ауыл мектебі» ауылдық мектептерді дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші Республикалық олимпиада бастау алды. «Тірек мектебі-магнитті мектептер» жобасы жүзеге асырылуда.

Ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдарындағы жаңашыл педагог моделін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған конкурс енді өңірде жыл сайын өткізіледі.